Былғары қолғап шебері Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІОлимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
1-тапсырма
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
1.
1.
2.
3.
2-тапсырма.
Мәтіндегі салт және сабақты етістіктерді теріп жазыңдар.
Салт етістіктер:
Сабақты етістіктер:
Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. Сөзге сөз келгенде сөйлемесе, атасы өледі. Сөз жіп, созсаң кете береді. Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Жақсы сөз жан сүйіндірер,Жаман сөз жан күйіндірер. Сөздің көркі – мақал,Иектің көркі – сақал. Түйенің бурасы жақсы,Сөздің турасы жақсы. Қымбат дүние қолға түсе бермейді,Қымбат сөз ауызға түсе бермейді. Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады. Асыл сөзге өлім жоқ. Көп сөз ұтпайды,Дөп сөз ұтады. Сөйлей-сөйлей шешен болар,Көре-көре көсем болар. Жалғыз сөйлеген жігіт шешен. Байлауы жоқ шешеннен,Үндемеген есті артық.Бәйгі алмаған жүйріктен,Белі жуан бесті артық. Жылы-жылы сөйлесе жылан да інінен шығады. Арық айтып, семіз шық. Адам аласынан сөз аласы жаман,Оттың шаласына сөз таласы жаман. Сөйлегенше – сөзіңе өзің қожа,Сөйлеген соң - өзіңе сөзің қожа. Шебердің қолы ортақ,Шешеннің тілі ортақ. Жақсы байқап сөйлейді,Жаман шайқап сөйлейді. Ат айналып иесін табар,Сөз айналып жүйесін табар. Жақсы адам ел ырысы,Жақсы сөз жанның тынысы. Сөз сүйектен өтеді,Таяқ еттен өтеді. Ұлы сөзде ұят жоқ. Ауруда - шаншу жаман,Сөзде - қаңқу жаман. Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша,Адал сөйлеп, жұртқа жақ. Артында баласы қалса, көзі қалды де,Артында сөзі қалса, өзі қалды де. Қылышынан қан тамған батырды,Тілінен бал тамған ақын алады. Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық. Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік. Көп сөз - есекке жүк. Ділмардың сөзі ұстаның бізінен өткір. Шешендік күші - шындық.
Сөзшеңді үндемеген жеңеді. Мылжың үндемесе басы ауырады. Аз сөйлесең де саз сөйле. Отқа барған әйелдің - отыз ауыз сөзі бар. Түймедейді түйедей етіп. Ине көзінен сынады,Шешен сөзінен сынады. Көп сөйлесең тақылдақ дер,Сөйлемесең ақымақ дер. Дәлдеп атып жауды өлтір,Дәлдеп айтып дауды өлтір. Тілге шешен - іске мешел. Жалғыздық құдайға жарасар,Көпсөзділік құранға жарасар. Көңілдегі құпияны -Көзің айтып қояды,Көп сөйлеген күпілдеп -
Сөзің айтып қояды. Орынды айтылған сөз -
Орнына қағылған шеге сияқты. Әзілде кек жоқ,Өсекте шек жоқ. Тілде тиек жоқ,Ауызда жиек жоқ. Қысыр сөзде қырсық көп. Өсекшінің тілі қышып тұрады. Ауызбен орақ орғанның белі ауырмайды. Аузымен астау шапқанҚолымен жаңқа жара алмас. Ауыз - дарбаза, сөз - самал,Құдай ұрғанға не амал. Тілменен тікен тартып болмайды. Ұялмас бетке талмас жақ береді.