Энергия[1] (гр. енергеіа – әсер, әрекет) – материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші.
Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай “энергия” ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. “ Энергия” ұғымы сақталу заңына бағынады (қ. Энергияның сақталу заңы, Термодинамика). Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды.
Қозғалыстың әртүрлі формасына сәйкес энергияның да бірнеше түрі бар (мысалы, механикалық энергия, химиялық энергия, электромагниттік энергия, гравитациялық энергия, ядролық энергия, т.б.) Физиканың даму процесінде энергия ұғымы нақтыланып әрі жалпыланып отырды. Энергия туралы ілімнің дамуындағы маңызды бір кезең үздіксіз ортадағы энергия қозғалысы мен “энергия ағыны” туралы ұғымның енгізілуі болды. Энергия ағыны деп энергия тығыздығы мен берілген ортадағы орын ауыстыру жылдамдығының көбейтіндісіне тең векторды айтады.
Кванттық физиканың дамуы энергия ның квантталатындығы жайлы, яғни кейбір жағдайда жүйенің энергиясы тек дискретті (үздікті) мәндерді ғана қабылдайды деген фактіні дәлелдеуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдай мысалы, сәуле шығару энергиясына, микробөлшектердің тербеліс және айналу Энергиясына қатысты айтылады. Салыстырмалық теориясында Энергия (Е) мен масса (м) арасындағы байланыстың (Е=мс2, мұндағы с – вакуумдегі жарық жылдамдығы) ашылуы физика үшін зор маңызды болды. Бұл қатыс әмбебап қатыс болып есептеледі. Сондықтан ол тіпті өте кішкентай микробөлшектің өзінде де әрқашан қозғалыстың белгілі бір түрі болатындығын көрсетеді. Мұндай қозғалыстың өлшеуіші мс2 өрнегі болады. Әсіресе бұл қатыстың ядр. энергетиканың дамуына байланысты іс жүзіндегі маңызы арта түсті. Энергия бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен, бірліктердің СГС жүйесінде эргпен өлшенеді. Ал ядролық және атомдық физикада энергияның өлшеу бірлігі ретінде электронвольт алынады.[2]
Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген, Жәндіктің киік деген баласы бар...
Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен...
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды-ау теңгермедім. Көздері мөлдір қара ақ бөкенді, А кем көрмедім...
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен. Бұл күнде келе жатқан жолаушыға, Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ әдет қылған киікті атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп. Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп, Мергеннің кеудесінде оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны, Қиналып ентігеді шыбын жаны. Боялып ақ денесі қызыл қанға, Келеді әлі бітіп, жығылады...
Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып. Ақбөкен сахараның бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?..
Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..