Берілген күрделі сөздердің сыңарын тауып, сәйкестендір. Алашорда мұрагерлері Отаршыл Жау Саяси. Болды Аян. Ел Алаш. мәселелері Тартысты. үкіметі Осал. Қуғын - сүргін
Автобус (француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан) — жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль. Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.
Оксфордтағы екі қабатты автобусАвтобус қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады. Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды. Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды
Қызғалдақ (Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстандікі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы жəне т.б.) түрлері қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.