Туған жер - ол біздің алтын бесігіміз, кіндік қанымыз тамған жер, анамыз. Адамзатта екі ана болады: жарық дүниеге әкелген анасы және де осы дүниеде өз бауырында аунатып өсірген жер анасы, туған жері. А туған жер, ел, атамекен, атажұрт, Отан - деген ұғымдар жүрегіне жақын ұғымдар. Атамекен - туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер - әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Адам өмірге келіп, ес жия бастаған сәттен өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де туған жермен тығыз байланыста болады. Халқымыздың туған жерді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қадір тұту - қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен дарыған."Ата мекен - алтын бесік"деп, ата - бабамыз тегін айтпаған. Ол өз перзентіне барын, нәрін береді. Төсінде тербетіп, аялап әлпештейді. Әр адам өз туған жерін мақтаныш етеді, қадір тұтады. Туған жерге қызмет ету - әрбір азаматтың игі арманы, мақсат - мүддесі."Ұлтарақтай болса да, ата - қоныс жер қымбат"- деген мақал әр адамның жүрегіне терең ілтипатпен алынатын мақал. Туған жердің табиғат да бір ерекше! Сарыарқаның сарша тамызы, бұлбұлы сайраған көктемі әдемі ғой. Самайдан желкілдеген көшкін желде - бір алып. Ақ меруерттей көмкерілген біздің Сарысу Сарыарқа өзені. Бұл өлке адамның көзіне күндік жерден шалынады. Күн сәскеден жоғары көтеріле, сумаңдай аққан мөлдір толқынды сағым Сарысу алабына сыймай, қазанда қайнаған сүттей аппақ күміс көбігін кең кемерден көпіршіте төгеді. Көктемнің кезінде кең жайылған Сарыарқаның кең даласы қанатын кең жайлап, жібектей жұмсақ болып, желмен жарыса жөнеледі. Омырауын сонау шалғынға тіреп, шайқалып, шешек атқан гүлдердей қанатын кең сермейді. Қарасаң көзіңнің ұшы - қиыры жететін тауда бір жас балаша арман қиялына басын сермеп тұр. Қарай берсең, беткей жағындағы алып жоталарда толқындай теңселіп, гүл бетіне оранып жатыр. Бұл - менің ауылым, туған жерім, ата-мекенім
1-тапсырма
1.білезік,сақина,жүзік.
2.құлаққа.
3.соқтырған.
4.қолға.
5.әшекейлеген.
2-тапсырма
себебi ойткенi и сондыктан
3-тапсырма
незнаю
4-тапсырма
Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!
Туған өлкем байлығы мол қазынам,
Сол байлықтың шуағында шомылам.
Бәрінен де артық көрем мен сені,
Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.
Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,
Аң мен құсын арыстандай көремін.
Туған өлкем ол менің жер жәннатым,
Осындай елде туғаныма мақтанамын – деп ақындар жырлағандай, осындай байтақ даламызды аялайық та, сүйе білейік.