М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dianakazaryan1
dianakazaryan1
28.02.2023 03:33 •  Қазақ тiлi

Помагите Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Олар жиналысқа түгел қатысты.
В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.
С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді.
Д) Бұладың ойы іске аспады.
Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.
2. Есімдік басқаша қалай аталады?
А) есім сөз
В) орынбасар сөз табы
С) көмекші есім
Д) жалпы есім
Е) есімше
3. Көбінесе тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрін көрсетіңіз.
А) Сұрау есімдігі
В) Жалпылау есімдігі
С) Белгісіздік есімдігі
Д) Болымсыздық есімдігі
Е) Өздік есімдігі
4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауымыз
С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәріңіз
5. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
Д) Әлдекім
Е) түгел
6. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады.
А) Зат есімнің орнына қолданылса.
В) Сын есім мен сан есімнің орнына қолданылса.
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе
Д) Сөйлем соңында келсе.
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса
7. Сын есімнің орнына жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) қайсыбір
В) әлдекім
С) біреу
Д) әлдеқайда
Е) кімде-кім
8. Тұлғасы өзгеріп септелген есімдікті көрсетіңіз.
А) Осынау
В) Оған
С) Әрне
Д) Кейбіреулер
Е) Ештеңе
9. Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Сендер нешеусіңдер?
А) Бастауыш
В) Баяндауыш
С) Толықтауыш
Д) Анықтауыш
Е) Пысықтауыш
10. Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Әркімді заман сүйремек. В) Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
С) Жаңа жолдың басшысы – ол. Д) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Е) Сенен аяр түгі жоқ.
Бүгін сыйлас көрініп
11. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сіз» деген - әдеп, «біз» – деген көмек.
А) Анықтауыш
В) Толықтауыш С) Бастауыш
Д) Пысықтауыш Е) Баяндауыш
12. Жалпылау есімдігі қатысқан сөзді табыңыз.
А) Ешкімге тіл қатушы болма.
В) Саған тай сатып әперем
С) Өзің үлкен, қылығың бала-шаға.
Д) Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны
Е) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.
13. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) кіміңіз?
В) қайсысының? С) кімсіздер?
Д) неңіз? Е) нешеуінің?
14. Бірге жазылатын есімдікті
А) әр адам
В) әр уақытта С) әр түрлі
Д) әр қалай Е) әр кезде
15. Емілеге сай жазылған есімдіктің қатарын көрсетіңіз. табыңыз.
А) Еш уақытта, еш қашан
В) Әлде кім, әр адам С) Әркім, ешқашанда
Д) Кей ағаң, кей біреу Е) Бүтін, еш теңе
16. Дара есімдікті табыңыз.
А) Олар ертең сабаққа бармайды
В) Марат өз-өзіне сөз берді. С) Ертең ешкім ешқайда бармайды.
Д) Әрдайым сабақ оқыды. Е) Әлде неше рет қайталанды
17. Бөлек жазылатын есімдікті табыңыз.
А) әрқилы
В) әрқашан С) кейбіреу
Д) қайсыбір Е) ешқайда
18. Пысықтауыш қызметінде жұмсалмайтын қосымшасыз есімдік түрін көрсетіңіз.
А) жіктеу есімдігі
В) болымсыздық есімдігі. С) сілтеу есімдігі
Д) белгісіздік есімдігі Е) жалпылау есімдігі
19. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр.
Батырлар есімі ешқашан ұмтылмайды.
А) толықтауыш
В) баяндауыш С) пысықтауыш
Д) бастауыш Е) анықтауыш
20. Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Жылы мен суықтың бәрін көрді.
В) Кім қайратты?!
С) Темір, сенбісің?
Д) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Е) Маған ешқашан сенбе
21. Қай қатар есімдіктің мағыналық түріне жатпайды?
А) әркім, кейбіреу, әлденеше
В) олар, мен, біз С) кім, қашан, неше
Д) біреу, ешбір, қайсыбір Е) бәрі, түгел, барша
22. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) дәнеме
В) бірдеме С) кімде-кім
Д) әлдекім Е) біреу
23. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) менге
В) сенмен С) сода
Д) бұдан Е) сенің
24. Толықтауыш қызметіндегі есімдік қайсы?
Ол бізбен үнемі ақылдасады, кеңеседі.
А) ол
В) бізбен С) үнемі
Д) ақылдасады Е) кеңеседі
25. Тұлаусыз мүшелер қызметін атқарып тұрған есімдіктің қай түрі?
А) Оған ешкімнің дауы жоқ.
В) Бітетін біздің жерге егін қандай! С) Бәріміз осында.
Д) Әкем әлдекіммен сөйлесті. Е) Барлық кек бірге қайнап тұр.
26. Анықтауыш қызметінде тұрған есімдіктің қай түрі?
Өз елім - өлең төсегім,
А) жалпылау В) сілтеу С) сұрау
Д) белгісіздік Е) өздік
27. Қате тәуелденген есімдікті табыңыз.
А) менің мынауым В) сенің бұның
С) сіздің осыңыз Д) оның мұнысы Е) біздің олымыз
28. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) өздері
В) өздеріңіздің С) өзіңнен
Д) өздеріменен Е) өздерімізденсіңдер
29. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар
В) Қайдан? С) Ешкім
Д) Олар Е) Кейбіреу
30. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс
В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз?
Д) Әркім, қайсібір, ешқашан
Е) Мынау, осыңыз, сонымен

👇
Ответ:
zagidsadikov
zagidsadikov
28.02.2023

Объяснение:

Хз н зна

4,4(27 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vinchez1
vinchez1
28.02.2023

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Өмірбаяны: Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады. Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер ба Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. “Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. “Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады. 1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады. 1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды. Жұмабайұлы 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.  

4,6(88 оценок)
Ответ:
elllis
elllis
28.02.2023

Біз жақында "Ана-өмір    шуағы" деген тақырыпта    шығарма    жаздық.    Бұл жан шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек.    Мен Анамды   сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын    анам маған    қатал тәртіп қояды. Біз    анам    екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз.   Мен    қандай сұрақтар қойсам да    анам    жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын.    Анам мені    еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық    шақтары    жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен анамның    әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!

4,8(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ