М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
амаеру
амаеру
24.11.2021 02:54 •  Қазақ тiлi

КАЗ ЯЗЫК 5-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІI тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары (БЖБ №3)

«Менің тәуелсіз Қазақстаным» бөлімі бойынша

Оқу мақсаты:

5.А5 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру;

5.Ж5 Жазба жұмыстарында жаттығулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;

5.А1 тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді, олардың синонимдерін дұрыс қолдана білу;

Бағалау критериі:

-мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

- мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды

Оқылым

I. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Біздің көгілдір түсті Туымыз бірлік пен аман-есендікті білдіреді. Тудың ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн-тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды «киелі, қасиетті құс» деп есептеген. Тудың сабына ұлттық ою-өрнек салынған.

Мемлекеттік әнұранның авторы-Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар-Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде 2006 жылы 10 қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде алғаш рет орындалды.

1. Мәтін не туралы, мәтінге ат қойыңыз.

( )

2. Мәтінде берілген сөздердің синонимін тауып, жазыңыз.

Ту,

Байлық, ( )

Елбасы,

Алғаш,

3. Берілген сұрақтарға толық және қысқа жауап беріңіз.

Мемлекеттік әнұранның авторы кім?

Толық жауап:

Қысқа жауап: ( )

Туымыздың түсі нені білдіреді?

Толық жауап:

Қысқа жауап: ( )

4. Берілген сөйлемдерді дұрыс құрап жазыңыз.

А) Тәуелді, Республикасы, емес, Қазақстан, ешкімге.

( )

Ә) Ғимарат, биік, әлемдегі, монументі, ең, Бәйтерек.

( )

Б) Бастаған, еңбек, алғашқы, Сариннің, ең, жолы, мұғалім, Қалқаман, болудан.

( )

Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор

Білім алушы

Мәтінді мұқият оқу, мәтінге тақырып қою 1 Мәтінге тақырып қояды

1

Мәтінде берілген сөздердің синонимін табу 2 Сөздердің синонимін табады 2

Берілген сұрақтарға толық, қысқа жауап беру 3 Берілген сұрақтарға толық, қысқа жауап береді 6

Берілген сөйлемдерді дұрыс құрап жазу 4 Берілген сөйлемдерді дұрыс құрап жазады 3

Барлығы 12

👇
Ответ:
lilo52
lilo52
24.11.2021

здрасте а где фотка?

Объяснение:

4,5(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
leetine7
leetine7
24.11.2021

Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi.

Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі.

Біздің елбасымыз – Касым-Жомарт Токаев дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Объяснение:

4,5(16 оценок)
Ответ:
alenakoryakovaa
alenakoryakovaa
24.11.2021

Қазақстан табиғаты туралы.

Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.

Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Осынау кең байтақ ұлан ғайыр еліміздің табиғаты да алуан түрлі. Жылдың төрт мезгілі де ерекше сезіліп, қай аймақты алып қарасаң да жайнап тұрады. Мысалы, кей елдерде қыс болмай, балалар қар дегенді білмей жатса, біздің елімізде ондай мәселе жоқ. Қысымыз боранды күндерімен, сықырлаған аязымен, ақ ұлпа қалың қарымен ерекше. Ал көктем келісімен айналаның барлығы құлпыра түседі -  қалың қар еріп, жасыл кілемге айналады. Сылдырап тау бұлақтары ағып, жан – жақтың барлығы жайқалған өсімдіктерге толады. Ал жаз мезгілі болса, балалардың демалысқа шығып, мәз – мейрам болып, жеміс – жидектің пісетін уақыты.  Жаз мезгілі зымырап өтіп, артынша алтын күз де келіп жетеді.

Мәне, менің туған өлкемнің табиғаты осындай әсем, әрі көркем.

4,7(67 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ