М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Grotesk1077
Grotesk1077
29.01.2022 01:48 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Мөлдір Әуелбекованың әнін мұқият тыңдаңыз.

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –

Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,

Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.

Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,

Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Домбырадай шежіре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,

Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Сұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз. (ответьте на вопросы)

1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? (Озаглавьте стих и ответьте почему вы так озаглавили?)



2. Домбыра туралы ақпаратты сәйкестіріңіз. (Соедините между собой информацию про домбыру)

Жүрегінің сырысы

Бабамыздың дүрсілі

Анамыздың үнісі

Даламыздың мұңысы

3. «Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында» деген жолдарды қалай түсінесіз? (Как выпонимаете выражение «Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында»? Напишите

2 тапсырма.

Суреттерді пайдаланып, диалог құрастыр. (Используя рисунки составьте диалог, диалог должен быть из 5 вопросов и 5 полных ответов)

Бағалау критерийлер Тапсырма Дескриптор

Мәтін мазмұнынан негізгі мазмұн түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды 1 Сұрақтарға толық жауап береді 1

1

1 Мазмұны бойынша ақпаратты сәйкестіреді 1

1

1 Мәтін мазмұны бойынша мазмұнын түсініп, тапсырманы орындай алады 1

Кесте, суреттер, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынып құрастыра алады 2 Сурет бойынша диалог құрастыра алады

Сөйлемдерді сауатты жазады

Жауаптарды толық жазады 1

1

2

1

Барлығы 10

сор здилать даю 15 билав

👇
Открыть все ответы
Ответ:
masha859689
masha859689
29.01.2022

Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» ба Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» ба бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы. «Кешқұрым» атты тұңғыш әңгімесі «Жұлдыз» журналында жарияланды (1964). Соғыстан кейінгі ел өмірі бейнеленген

«Ақша қар» (1969);

«Бір атаның балалары» (1973);

«Қияндағы қыстау» (1977);

«Көк кептер» (1979) әңгіме, повестер жинақтары мен;

«Көк мұнар» (1971);

«Шақан шері» (1984).

романдары басылып шықты. Қазақ халқының көрші мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынасы тарихи-көркемдік тұрғыдан тұңғыш рет суреттелген «Аласапыран» тарихи дилогиясы 1981—83 ж. жарық көрді. Романда қазақ ордасын Тәуекел хан басқарған тұстағы (16 — 17 ғ-лар) қоғамдық-әлеуметтік жағдай көрініс тапқан. Хан мұрагері Ораз-Мұхаммед пен оқымысты Қыдырғали Жалайыридың, Едіге би ұрпағы Петр Урусовтың көркем бейнелері сомдалған. Томан би, Манақ батыр, Ділшат, Ай-Шешек бегім, секілді кейіпкерлерді суреттеу арқылы қаламгер Ораз-Мұхаммед тұлғасын даралай түседі. Романда көшпелі тұрмыс көріністері, аңшылық, саятшылық сынды ұлттық дәстүрлер көрініс тауып, Қазақ хандығының Ресей, Иран, Бұқар, Сібір хандықтарымен өзара қатынастары, ішкі-сыртқы саяси жағдайлары сипатталған. Жазушы шығармаларында 20 ғ-дағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психология-философия тереңдікпен көркем бейнеленген. «Қобыз сарыны» (1968) монографиясында хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын (15 — 18 ғ-лар) жүйелі түрде талдады.

4,4(49 оценок)
Ответ:
babedinova
babedinova
29.01.2022
ССалалас құрмалас сөйлем - құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп , өзара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты келіп жай сөйлемдерді жеке – жеке қолдануға болады.

Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.

1.   Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.

2.   Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.

   Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.

   Қарсылық мәнді  бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.

    Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;

   Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.

   Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.

3.   Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .

Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :

1.   Ыңғайлас салалас.

2   Қарсылықты салалс.

3.                  Себеп – салдар салалас.

4.                  Ілектес салалас.

5.   Талғаулы салалас.

6.    Кезектес салалас.

4,4(36 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ