
ответ: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.
Объяснение:опоздал я?
вот нашла в интернете)
Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.
Жомарт күз! Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған суретші бар ма?
Күз тынысы, күз өңі, күз әуезі шабытына шабыт қосып, шалқытпаған нәзік жанды музыкант бар ма? Иә, ондай таланттар өмірде жоқ шығар. Күз келгенін далада телегей-теңіз астық дариясының сары ала тартқан дидарына қарап білесің. Ал қалада да күзге салым жаппай сарғая бастайтын нәрселер бар. Күз келгенін қалада осыдан да байқауға болады.