эссе керек пе?!
Объяснение:
Мен - қазақпын!
Жер бетінде қанша ұлт болса да, дәл қазақ болып дүниеге келгенім үшін жаратқанға сансыз шүкіршілік етемін. Бұл сөздеріммен өзге ұлт өкілдерін кемсіткім келмейді. Бар болғаны текті елдің текті ұрпағы болғаным үшін сансыз шүкіршілік етемін. Қыз болсам да, батыр-бағландардың ұрпағымын. Киелі де қасиетті Райымбек бабамның найзасының ұшы тиген ауылда дүниеге келгенмін. Құнарлы топырақтың қасиетінен айналуға әлі күнге дейін бармын. Себебі, а тектілік пен жүректегі мейірім, ақыл мен сана, ең алдымен, осы топырақ арқылы келеді.
Ең бастысы, 62 тамырымның бойымен осы батыр бабаларымның қаны ағып жатыр. Санам жаһандану салдарынан мәңгүрттеніп кетсе де, жүректегі махаббатыммен, тамырымдағы күш-қайратты ешкім менен алып қоя алмайды. Иә, өресі биік елдің алғашқы адымдары да нық болмақ. Небәрі 25 жыл ішінде адам айтса нанғысыз жетістіктерге жетіп, көптеген мемлекеттік көзайымына айналып, өзімізді өзгелерге тыңдата алып отырғанымыз көпке аян. Жыл сайын елдің ішкі жағдайы жақсарып қана қоймай, өзге мемлекеттерді татуластыру үшін де қадамдар жасап отырмыз. Осының өзі бір қазақтың ұлының арқасы емес пе? Ал әлем ғалымдарын таңқалдырған тазалығымыз ше? Жүрек иілгенмен, алдымен, жөн сұрасып, қос ғашықтың елдерін білуге ұмтылатыны тағы бар. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының өзінде тәлім-тәрбие жетерлік. Қай жағынан алып қарасам да, қазақ болып туғаным үшін қуанамын. Болашақта тек қазақтың ұлымен көңіл жарастырып, халқымның қатарын саналы ұрпақпен толықтырсам екен деймін
Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.
Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.