Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
сияқты.
Мен қысты жақсы көремін! Таза салқын ауа керемет қой! Қыста жаңа жыл болады, ол менің сүйікті мерекем. Балалар түрлі костюм киеді, шыршаның алдында билейді, аяз атаға өлен айтып береді, одан сыйлықтар алады, жəне қыста біздін мектепте демалыс бар. Мен оны жақсы көремін, өйткені достарыммен ойнай аламын. Қыста мен қар лақтырып ойнаймын ол өте қызық. Отбасыммен Медео айдынына бара аламын, шанамен қардын үстінде сырғанаймын.
Мен қысты жақсы көремін!