Тапсырма Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, ықшамдап жазыңыз. Түпнұсқа мәтін Жинақы мәтін
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет. Мінез-құлқымен тығыз байланыста Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақмұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады. М.Сүлеймен
Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің
зірка мензатюк написала багато творів це один із них gaben from nd foil