4-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар. 1. Түнерген қалың қара ағаштың іші. Әуемен таласқан биік
ағаштар басын төмен салып тұнжырап тұр. Сартылдап жауған күз-
гі жаңбырдың екпінімен бас сілкіп, жер солқылдатқандай салмақ-
пен сілкініп қояды. Жазғытұрымғыдай орман іші де, шалғынды
далалар да, ауыл маңдары да у-шу болып жатқан жоқ. Сымпылдап
ұшып, шаңқылдаған, бұтақтан-бұтаққа қонып, шатты дауыстарымен
сайраған түрлі құстардың ән мен күйлері де естілмейді (С.Сейф.).
2. Тек жалғыз қиялы құлаққа кеп ап-айқын соғып бір жақындап,
бір алыстап кететін шолпы сылдыры. Атқан таңның ал қызыл
шапағындай үлбіреген қызыл шұғыласы. Көз алдынан сол жүз
кетпейді (М.Ə.). 3. Күн ыстық. Көкшетау маңы. Балқыған, көктегі
шыжыған қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге шашы-
ратып, бүркіп, ойнап тұрғандай (С.Сейф.).
Осының баяндауыш,пысыктауыш,аныктауыштарын табу керек ертеңге дейін көмектесініздірші
Алдын ала рахмет алла разы болсын
Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.
Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.
Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.
Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2 Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.