Балаларға күніне 9- 10 сағат, ал ересектерге 6- 7 сағат ұйықтаған пайдалы.Түскі мезгілде де ұйықтап алған жаман болмайды, ми біршама тынығып қалады. Біз өміріміздің үштен бір бөлігін ұйқымен өткіземіз. Бұл тіршілік үшін аса қажет. Бір күн ұйқы қанбаса, адамның түрі өзгеріп, көңіл-күйі онша болмайды. Бірнеше күн ұйқысыз өткізсе, бейне бір аурудан тұрғандай түрі қашып, өңі бозарып кетеді. Адам күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, белгілі бір мезгілде тұруды әдетке айналдыруы керек. Егер олай істемесе «ұйқы қанбаушылық» пайда болады. Ал ұйқы қанбаушылықтың әсері қандай? Бұған ғалымдардың мына тәжірибесінен жауап табуға әбден болады.
Bugatti» компаниясы жаңа автокөлік нұсқасының санын жыл соңына дейін 500-ге
жеткізуді жоспарлап отыр.
2018 жылы компания автокөліктің жылдамдығы көрсеткіші бойынша рекорд орнатуды
жоспарлап отыр.
Бұл көліктің алғаш рет жасалу нұсқасы 2013 жылы жарияланған болатын. Осы жылы Женева автосалонында ресми түрде таныстырды. Автокөлік атауы танымал автошабандоз Луи-Александр Широн құрметіне қойылған. Ол 1928-1958 жылдар аралығында «Формула-1» жарыстарындағы аты шыққан тұлға болды. Кейде автокөлік атауы әр тілде оқылғанда әр түрлі мағына да береді. Грек тілінде «Хирон» деп оқылса, БАҚ «Кайрон» деп те жазып жүр.