Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елендетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!..
Объяснение:
Ақын туған жерінің суретін бейнелеуде, оны әсемдікпен жеткізуде ешкімге ұқсамайтын, ешбір ақынның өлең тармақтарында жолықпайтын өзіндік өрнек таныта, өзгеше поэтикалық әлем аша жырлайды. Адам жаны жай тауып, рахатқа бөленетін табиғат аясында туып-өскен, көк майсасының алабөтен жұпарын сезіп, төбе-белдерінде еркін шапқан әрбір ақынның сол тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау, оны жүрек төріндегі орнын көрсету – қадірін түсіне білер ақынның перзенттік парызы. Қазақ даласының табиғатын Мұқағали пәк, таза күйінде көргісі келеді. Адам мен табиғатты ол тұтастықта таниды. Табиғат та адам сияқты кейде көңілді, кейде мұңды.
Ақынның бұл өлеңінен – Қарасазына деген ұлы сезімнің, жан баласы түсінгісіз сағыныш пен көңілдегі өксіктің анық бейнесін байқай аламыз. Балауса кездегі адалдығынан айнымаған аңқылдақ баланың жүрегінде сақталған тазалық.
Адам назарын аударатын және оның тіршілігімен етене байланысты табиғаттың тылсым құпия сыры көп екенін білеміз. Адамзат жаралғалы, тіпті одан да бұрын жаратылған заңғар, биік таулар мен шалқыған айдынды көлдер, ширатылған ағынды сулар мен өзендер қай заманда да, қай уақытта да ақын қиялын тербеткен, жан сарайын нұрландырған.
Не істеді,не қылды? Қайтті?
Дара:Дара етістік дегеніміз бір етістіктен тұратын сөзді дара етістік дейміз.Мысалы:бардым,оқыды,тұрды
Күрделі:Күрделі етістік дегеніміз екі немесе оданда көп етістіктерден құралады.Мысалы: бара жатырмын,оқып отырмын.
Болымды етістік:Етістікті болымды,нақты істеуге болатын етістікті болымды етістік дейміз.Мысалы: барамын,барады,оқиды.
Болымсыз:Етістікті,іс қимылды істеуге болмайтын,сондай мақсатта айтылатын етістікті болымсыз етістік дейміз.Болымсыз етістік жасау үшін,етістікке -ма,-ме жұрнақтары жалғанады.Мысалы:барма,оқыма.Отырма
Негізгі:Негізгі бір етістіктен тұратын етістікті негізгі етістік дейміз.Мысалы:қарады,жалғады
Туынды:Түбір етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалатын етістікті туынды етістік дейміз.Мысалы: ем+де,той+ла.Ой+ла
Объяснение:
Можно лучший ответ.Удачи