«Менің досым» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркебұлан: Аға, «достық деген не?» сұрағына жауап беруге көмектесіңізші? Мектепте шығарма жазуды тапсырып еді...
Аспандияр: Достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды.
Еркебұлан: Неліктен дос - адам жанының айнасы тәрізді деп айтады?
Аспандияр: Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Еркебұлан: Сіздің ең жақын досыңыздың есімі кім және қанша уақыттан бері жолдас болып жүрсіздер?
Аспандияр: Менің ең жақын жолдасымның есімі – Данияр, екеуміз балабақшадан бері, міне он төрт жылдан астам уақыт дос болып келеміз.
Еркебұлан: Қандай керемет! Ал сіздің досыңыз қандай адам?
Аспандияр: Данияр екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші. Өмірде осындай, Данияр сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін.
Еркебұлан: Аға, менің де сіздей адал досым болса екен!
сен: Салем, иә, бұл менің суреттерім. (ты: привет, да, это мои рисунки.)
данияр:сен суреттерді жаксы салады екенсін! (данияр:ты хорошо рисуешь!)
сен: рахмет, сурет салу менің әуес- қойылығым рисовать это мое увлечение.)
данияр: сен неше жасынан сурет салуды үйрендің? (данияр: со скольки лет ты научилась рисовать?)
сен:мен сурет салуды үш жасымда үйрендім! ( ты;я научилась рисовать с трех лет.)
данияр:менің портретімді салып бересің бе? (сможешь нарисовать мой портрет?)
сен:әрине, сабақтан кейін саябақта кездесейік. (конечно, встретимся в парке)
данияр: кездескенше. , (до встречи)
сен:кездескенше(до встречи)