Білім алушы: 5 « » сынып 3-тоқсан №1 ЖБ Күні: 01.03.2021ж «Денсаулық – зор байлық» , « Менің Тәуелсіз Қазақстаным » бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 5Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру 5. А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау Бағалау критерийі Білім алушы • Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді • Жоспар бойынша баяндайды Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Қолдану Орындау уақыты 20 минут Тыңдалым (оқылым (для ДО) Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Прослушайте текст 2 раза и выполните задания ниже. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. № Сұрақ Жауап 1 Тәуелсіздік күні мерекесі қашан тойланады? 2 Бұл күндер күнтізбеде қандай күндер болып келеді? 3 Үлкен орталықтарда кешешке қарай немен көмкеріледі? 4 Бұл күні барлық жерлерде не өтеді? 5 Тәуелсіздік Қазақстан халқының өкілдері үшін қандай мереке? 2 – тапсырма Жазылым Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдары бойынша шағын жоспар құраңыз. Внимательно прочитайте текст. Составьте небольшой план по абзацам в тексте. Қазақта «Ас тұрған жерде дерт тұрмас» деген аталы сөз бар. Ас ішкен адамның денсаулығы тез қалпына келеді. Тамақ ішу – қажеттілік. Тамақтану адам денсаулығы үшін ас
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!