М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nazipovadk
nazipovadk
17.03.2022 15:39 •  Қазақ тiлi

1996 жылы Қазақстан спортшылары алғаш рет Атлантадағы XXVI жазғы Олимпиада ойындарына
қатысты. Әлемдегі ең ірі спорттық жарысқа алғаш рет
қатысып жатқанына қарамастан Қазақстан құрамасы
3 алтын, 4 күміс, 4 қола медалге қол жеткізіп,
командалық есепте 24-ші орынға табан тіреді.
Медаль алған спортшылар, алтын медаль: боксшы
Василий Жиров, (бұған қоса техникалық шеберлігі ең
жоғары боксшыға берілетін Баркер кубогын жеңіп
алды), балуан Юрий Мельниченко, бессайысшы
Александр Парыгин. Күміс медаль: мерген Сергей
Беляев (бір өзі екі күміс), боксшы Болат Жұмаділов,
ауыр атлет Анатолий Храпатый. Қола медаль:
боксшылар Ермахан Ибраимов пен Болат
Ниязымбетов, балуан Мәулен Мамыров, мерген
Владимир Вохмянин,
Біздің спортшылар барлық спорт түрінен тамаша
көрсеткіш көрсетті.
Боксшыларымыз тамаша нәтижеге қол жеткізді.
Тәуелсіз ел ретіндегі ең алғашқы Олимпиада
ойындары жемісті болды.
Қазақстан құрамысында негізінен өзге ұлт
өкілдері көп.​

👇
Ответ:

спортшы қатысты. Олардың 7060-ы ер кісілер, 3684-і әйелдер.), бұл тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның өз алдына құрама команда жасақтап қатысқан тұңғыш жазғы олимпиялық ойындары еді.

Бұнда біздің жас мемлекеттің спортшылары өнер көрсеткен 196 елдің құрама командаларының арасында жалпыкомандалық ресми емес есепте 22-ші орынға ие болды. Бұл олимпиялық ойындар сияқты әлемдегі ең үлкен форумда әлі халықаралық тәжірибесі аз жас мемлекеттің үлкен табысы болатын. Бұл жолы құрметіне тәуелсіз еліміздің мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Қай кезде де Қазақстан спортының даңқын шығарып келе жатқан боксшылар болатын. Атлантада Болат Жұмаділов күміс медальға ие болды. Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ибрайымов қола медальдарды қанағат тұтты. Василий Жиров бір жекпе- жектен кейін екінші жекпе-жек сайын бабына ене түсіп тоқтаусыз келе жатты. Ақтық бәсекеде оның алдында қарсыласы Әлемнің чемпионы АҚШ-тың Антонио Тревер тұрды. 12:9 есебімен жеңіске жеткен В. Жиров, чемпион атанып қана қоймай, әділ- қазылар алқасының шешімімен ойындардың ең үздік боксшысына берілетін Вал Баркердің кубогіне ие болды. Қазақстандық бессайысшы Александр Парыгин Атланта ойындары қаһармандарының біріне айналды. Біздің Атлантадағы келесі қаһарманымыз атақты балуан Дәулет Тұрлыхановтың шәкірті грек-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко олимпиялық кілемде алтын медальға ие болды.

Объяснение:

надеюсь что
4,8(15 оценок)
Ответ:
Yachit68
Yachit68
17.03.2022

1996 жылы Қазақстан спортшылары алғаш рет

Атлантадағы XXVI жазғы Олимпиада ойындарына

қатысты. Әлемдегі ең ірі спорттық жарысқа алғаш рет

қатысып жатқанына қарамастан Қазақстан құрамасы

3 алтын, 4 күміс, 4 қола медалге қол жеткізіп,

командалық есепте 24-ші орынға табан тіреді.

Медаль алған спортшылар, алтын медаль: боксшы

Василий Жиров, (бұған қоса техникалық шеберлігі ең

жоғары боксшыға берілетін Баркер кубогын жеңіп

алды), балуан Юрий Мельниченко, бессайысшы

Александр Парыгин. Күміс медаль: мерген Сергей

Беляев (бір өзі екі күміс), боксшы Болат Жұмаділов,

ауыр атлет Анатолий Храпатый. Қола медаль:

боксшылар Ермахан Ибраимов пен Болат

Ниязымбетов, балуан Мәулен Мамыров, мерген

Владимир Вохмянин,

Біздің спортшылар барлық спорт түрінен тамаша

көрсеткіш көрсетті.

Боксшыларымыз тамаша нәтижеге қол жеткізді.

Тәуелсіз ел ретіндегі ең алғашқы Олимпиада

ойындары жемісті болды.

Қазақстан құрамысында негізінен өзге ұлт

өкілдері көп

4,5(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Vasyy123
Vasyy123
17.03.2022
Медеу Спорт Кешені[1] – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және ба з орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.

Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.[2]
4,5(87 оценок)
Ответ:
sofiaytarahteev
sofiaytarahteev
17.03.2022

Қазақ жері батырларымыздың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес. Жалпы осы аттары аталған батырлардың болсын, немесе әр ғасырда өмір сүріп, әртүрлі тағдыр кешкен басқа да сандаған ұлттық деңгейдегі тұлғалардың қай-қайсысын алсаңыз да олардың тұлғасын алдымен халық ішінен шыққан өнер иелері көркем сомдауға, әдебиет тілінде жырға қосуға ұмтылған. Оның ішінде әсіресе халық ауыз әдебиетінің, яғни фольклордың үлесі дара көрінеді.

4,8(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ