Неологизмдер:
Ережесі:
Ғылым мен техниканың,өндіріс пен шаруашылықтың,мәдениетпен тұрмыстың кеңінен дамыған тұсында тілге жаңа ұғымдарды білдіретін сжаңа сөздер.
Мысалы:
Жағдаят,үнтаспа,жазылым,ландшафт,патент,фабула,ноутбук,офис,менеджер,планшет,сыйақы.
Термин сөздер:
Ережесі:
Ғылым,техника,өндіріс,өнер және т.б. саладағы белгілі бір ұғымдар мен зат атауларын білдіретін сөздер.
Мысалы:
Фонетика,меридиан,қосымша құн,айналым,нота,энергия,тұрақ,жарнама,ғаламшар,тұлға,климат,квартет.
Диалект сөздер:
Ережесі:
Белгілі бір жердегі тұрғындар қолданатын,әдеби баламасы бар,басқа жердегі халыққа таныс емес сөздер.
Мысалы:
Шалбар (сым),қабырға (жар),жұмыртқа (тұқым),тәртіп (нұсқау),құдағай (құдағи),дарбыз (қарбыз),саспа (қысылма),ауқат (тамақ,ас)
Кәсіби сөздер:
Ережесі:
Жұрттың бәріне түсінікті бола беремейтін,белгілі бір кәсіппен я шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар қолданатын сөздер.
Мысалы:
Пышқы,шербек,ыңғыру,атауыз,қоза,терімші,дүмбі, әңгелек,шит,торта,күлхән,аттіс,созан,әптік,балта,зорат.
Абайдың музыкалық мұрасы жайлы айтатын болсақ,ұлы ақын,ағартушы,философ музыка жайлы өте көп асыл мұра қалдырған.Өзінің асыл өлеңдкрін,қара сөздерінқағазға түсіріп,кейінгі ұрпаққа жеткізген болса, музыка жөнінде мұндай қатты мүмкіншілігі болмады.Себебі,Абай атамыз өмір сүргенкезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді,халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді.Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа ән күйлері сияқты ауыздан ауызға,заманнан-заманға ауыса отырып жеткен 20-ға жуық әндері бар.
Абай әндері өзінің табиғатымен,рухымен,нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы ретінде негізделген. Орыс әуендері мен романдарының элементтерін енгізу арқылы ұлттық музыка өнерін байытты,кеңейтті,толықтырды.