Берілген үзіндінің шығарма сюжетінің маңызды эпизоды екеніне дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Шығармадан үзінділер
Менің көзқарасым
«..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана:
− Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді.
− Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап.
- Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі... Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты.
− Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп.
Біз, балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік. Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой»
- Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің,- дейді досы.
- Қайдам!? Қайдан білейін, әкем марқұмның тақымы тайға да тимей кетіп еді... Күзде жайлаудағы барлық балалар оқуға аттанғанда тауда бұзау бағып, жалғыз Тортай қалады. Тортай досына кетерінде ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы, бәлкім мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің». - Сенің өз ақ боз атың бар емес пе?
- Жоқ, менің маңдайыма көк өгіз жазылған.
- Онда мен ақ боз атымды сыйға тартамын...
Алматы қаласы туралы 10 сөйлем.
1. Алматы - еліміздің оңтүстік астанасы.
2. Алматы қаласы - республикалық маңызы бар қала.
3. Алматы - мәдениет пен ғылымның, қаржы мен іскерліктің орталығы саналады.
4. Төбесі көкке тірелген Алатауымен ерекшеленеді.
5. Алматы қаласы апорт алмасымен атақты.
6. Сонымен қатар Алматы қаласында аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғы кешені бар.
7. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.
8. 2011 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласында метро қолданысқа берілді.
9. 2011 жылы Алматы қаласында қысқы Азиада ойындары өткізілген болатын.
10. Алматы қаласында түрлі театр, мұражайлар, көркемсурет галереялары секілді мәдениет ошақтары бар.