2. Мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынып, қарапайым жоспар құрыңыз. Жоспар: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім Қорытынды бөлім «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, Ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет- қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымак екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
Қашықтан оқыту жүйесінің қажеттілігі туындауы оқушы көзіммен қарағанда заман талабы болып тұр.
Қашықтықтан білімді болу үшін: Адам-Компьютер-Ғаламтор қағидасына зер салатын болсақ:
А XXI ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастауы біздерге көптеген ғылымдар көздерін жақындатты, мысалы:Нанотехнология-жасанды интеллект, роботтық кезең.
Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруы, қажет болса: өз біліміне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Осылайша кез келген саладағы мамандарға қойылатын талаптар да өзгереді.Карантин жария етілгеннен бері мұғалімдер тынбай жан-жақты іздену жолында жүргенін оқушылар IV тоқсан басталғанда керемет сезіне бастадық. Күнделікті оқушылармен бір сынып ішінде отырмай, қашықтан араласып білім алатынымыздың дұрыс тиімді жолдарын аяулы ұстаздарымыз мықты жауапкершілікпен қолға алғанын көрдік.
Қашықтан оқыту (қашықтан білім беру) - оқыту формаларының бірі ретінде электрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану арқылы оқу танымдық қызметтері әдістемелік тұрғыдан жан-жақты және жеке тұлғаны дамыту барысында алыстағы білім беру мекемелеріндегі ұйымдастырылған оқыту процесі екенін ұстаздарымыз бізге түсіндіре отырып жұмыстарын бастап кетті.
Қазіргі таңдағы болып жатқан індетті болдырмау үшін мұғалімдер бірден қашықтықтан оқытуға бейімделуі және біздерге білімді қашықтықтан игертуі, оқушы қауымының бойынан оқу барысында жауапкершіліктің оянуына септіктері тиді. Мұғалімдерім өз пәндерімен қоса техникалық білім және білім беру педагогикалық дағды- әдістерді терең меңгерген ұстаздар.
Объяснение: