Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат Кып ұрпағына жолдаған.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1 Оленге
кандай
Кояр
а!
едің?
2. Өлеңді құрастырарда автор кандай идеяны ұстанды деп
ойлайсыз?
3. Автордың сөзімен айтканда, Домбыра неден жаралған?
4.Домбыра нені ұрпағына аманат кын жолдаған?
5. Өлең мазмұны бойынша домбыра ол не?
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.