М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

3. Жазылым Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді
орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем
соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.
1.«Менің болашақ мамандығым».
Бүгінде көптеген салалар түрленуде, цифрландыру дәуірі басталды. Көптеген жаңа
мамандықтар пайда болып жатыр. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар қандай деп
ойлайсың? Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
2. «Қазақстандағы жер байлығы».
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ
қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп
ойлайсыз?​

👇
Ответ:
pandaswomenp08cc4
pandaswomenp08cc4
13.06.2020

Менің болашақ мамандығым аудармашы болу.

Әрине аудармашы болу үшін көптеген тіл білу қажет.

Сондықтанда мен 5 түрлі тіл білгім келеді.

Егер тіл білсең басқа елдерде гранда оқуға болады, міне мен де осыны қалаймы.Мен

үйреніп жүрген тілдер ағылшын, франсуз, корей, түрік жәге арабша.

Мен ең қатты жақсы көретін тіл корей тілі.

Мен оны үйреніп жүрмін.

Және болашақта кореяда сеул қаласында грандта оқимын деген мақсатым бар.

Тіл білсең ел аралайсың.

Ал маған көптеген елдерге саяхат жасау ұнайды. Міне менің болашақ арманым,мамандығым.Және мен лсыған қалайда қол жеткіземін.

Объяснение:

ответ правильно лайк

4,5(96 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anastasiagarap
anastasiagarap
13.06.2020
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
4,5(8 оценок)
Ответ:
ГхмГхм
ГхмГхм
13.06.2020

Шығарма

Халық ауыз әдебиеті.

Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың талай ғасырлық жемісі.Оны бізге халық жыраулары,жыршылары,ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Әсіресе,халық ауыз әдебиеті,аты айтып тұрғандай,ауыздан-ауызға тарағаны белгілі.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады."Біз ескі әдетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр" деп қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған деп білемін.Себебі,расында,біздің әдеби қорымызда көптеген баға жетпес туындылар бар.

Тұрмыс-салт жырларынан бастап,эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық бейнесін көрсетеді.Тұрмыс-салт жырларының өзі бірнеше түрге бөлінеді.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар мен жаңылтпаштар,лиро-эпостық жырлар,айтыстар,тарихы жырлар мен шешендік сөздер сол заманның бейнесін біздің көз алдымызға әкеледі.Халық ауыз әдебиетінде бәрі-бәрі баян етілген.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,арманы,қиялы,мақсаты,көрегенділігі бәрі де ұштасқан."Алпамыс батыр",'Қобыланды батыр" жырларынан бабаларымыздың ерлігін,батырлығын,"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу","Қыз Жібек" лиро-эпостық жырларынан махаббатты,қайсарлықты көреміз.Жаңа өмірге келген сәбиден еңкейген қартқа дейін өткізілетін түрлі салт-дәстүрлерді біз тұрмыс-салт жырларынан көреміз.Ал ертегілер сені өзге әлемге сапар шектіреді.Мақал-мателдер,жұмбақтар мен дана би-шешендерімізден қалған шешендік сөздерде таусылмас ақыл дариясы жатыр.Ия,бұның бәрі бір қазақ халық ауыз әдебиетінде жатыр.Халық ауыз әдебиеті - ол шығармалар жиынтығы ғана емес,кешегіге апаратын көпір,бізді тарихымызбен байланыстырушы.

"Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды" деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,төл әдебиетімізді төрде ұстап, мәңгі қастерлейік!

4,6(96 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ