Бізді қоршаған орта табиғат. Адам өмірі үшін керектінің барлығын табиғаттан алады.
Менің ауылым кішкентай болғанымен, маған өте ыстық. Ауылымның аты Кеңқияқ. Ауылды айнала қоршап жатқан, Темір өзені жылдың төрт мезгілінде де сәнді кербез көрінеді. Жазғы демалыста өзенді жағалап суға түсеміз. Суды ластамау керектігін анамыз әрдайым айтып отырады.
Әдемі бой көтерген мектебіміз, мәдениет үйі, кітапхана ғимараттары бар. Жер қойнауынан мұнай, газ өндіріледі. Сазды топырақты жерімізде жусан, селеу өседі. Біздер болашақ ұрпақ жеріміздің байлықтарын қорғап сақтап қалуымыз керек. Табиғатты аялау бәріміздің міндетіміз. Мен ауылымның болашақта одан әрі гүлденіп, табиғатымыздың жайнап өркендеуін тілеймін.
Ертегі өмірлік шынлыққа негізделген.Ертегілер әрдайым жақсы аяқталады, себебі ертегіні балалар тыңдап ер жетеді, олардың рухани өсуіне тікелей әжесінің ертегілері әсер етеді. Сол себептен, барлық ертегілер жақсы негізде аяқталады. Ертегілер мен шынайы өмір ұқсас, ертегіде Күлше қыз бен ханзаданы жұп көруі өмірге негізделген. Ол баланың психологиясына әсер етеді, әрі өзінің бағалауын көтереді деп ойлаймын. Ертегілерде қиял ғажайып көп бірақ қиялдан гөрі шындық көп көрініс табады.