М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
54535446
54535446
13.07.2020 12:21 •  Қазақ тiлi

Мәтінінде қарамен берілген есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратыңдар. Су-тіршілік көзі
Су-тіршілік көзі.Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ та, ол жоқ жерде тіршілік жоқ. Адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті, алғашқы тіршілік те содан басталған. Бүкіл жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Ал біз күнделікті оның қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған кейбір жандарды түсіне бермейміз. Қазіргі кезде өнеркәсіпте қажеттіліктерге суды көп пайдаланғаннан, өндіріс қалдықтары суды ластауда және ешкімнің оны елегісі де келмейді. Сондықтан күн өткен сайын ішуге жарамды таза су азайып барады. Бұл ретте біз қолымыздан келгенше суға үнеммен қарап, оның басты құндылық екенін естен шығармауымыз керек. Бұдан шығатын қорытынды- «Сусыз күнің жоқ!». Өзімен-өзі ештеңе жойылмайтынын ескерсек, көл-теңіздердің тартылуы да адам қолымен жасалған апаттар екенін ұмытпайық. Бұл тағы да суды үнемдеу керектігін еске салады. Қашаннан апаттың алдын алған ұтады. ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
dominika6
dominika6
13.07.2020

Менің сүйікті спортшым

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.

Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.

4,7(30 оценок)
Ответ:
matveykatvey13
matveykatvey13
13.07.2020

1939 жылы «Барсакелмес» қорықшасы Қызылорда облысында негізделген, ол қазақ тілінде «бармай, қайтып келмейді» дегенді білдіреді. Қорық Арал теңізіндегі сол атау аралында орналасқан. Оның аумағы 30 000 гектар. Қорықта өсімдіктер мен жануарлардың 250-ге жуық түрі, сондай-ақ 203 құс түрі бар.


Сонымен қатар резервте 45 мың гектар аумақты құрайтын Баян-Аул паркі ашылды. Бұл далалар мен шөлдермен қоршалған керемет таулар мен ормандардың оазисі. Баян-Ауыл тауының гранит беткейлері қарағай мен қайыңның орманымен жабылған. Бұл жерден Қазақстанның жартылай шөлді жайылымдары, әсем тастар сияқты, Жасыб, Тораййгир, Сабындикөлдің әдемі көлдерін әшекейді.


Қазақстандағы резервтердің толық тізбесі жалпы алаңы 4 600 000 гектарды құрайтын 83 ойын резервімен толықтырылуы мүмкін. Табиғи ресурстарды үнемді пайдалану белгілі бір маусымда және ең таралған түрлерде аң аулауға мүмкіндік береді.

4,8(21 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ