Бауырсак Қажет азық-түлігіміз: Ұн – 6-7 стақан Су (жылы) – 500 мл Қант – 2 асқасық Сұйық май – 0,5 стақан Ашытқы – 2 шай қасық Тұз – 1 шай қасық 1. Алдымен суға + ашытқы + тұз + қант салып, араластырамыз. 2. Ұнға майымызды құйып, қасықпен араластырамыз ұнның үстіне дайын суымызды жайлап құйып, қамыр илейміз, судың 400 мл-і қамыр илеуге, 100 мл-і,қамыр қолға жабысқанда қолды сулап тұру үшін қажет. 3. Егер су қалып қойса, қамырды сулап қоямыз, сол кезде қамырымыз жұмсақ болады. 4. Бетін пленкамен жауып, жылы жерге қоямыз 30 минутта ашуы керек. 5. Қамрымызды бір қайтарып, үш немесе одан да көп күлшеге бөлеміз ұн сеуіп, жаямыз стақанмен жайған қамырымыздың үстін басып, осылай бөліп аламыз, төрт бұрышты қылып кесуге де болады. Маған осылай ұнайды. 6. Бетін 15 минутқа жауып қоямыз, тағы да көтерілу керек. 7. Қызған майға пісіріп аламыз.
1Қазақ хандығының әлсіреуінің басты себебі - билеуші әулет өкілдері арасында бірліктің болмай, тақ үшін күрестердің күшеюі болатын.
2 XVIII ғасырдың 20-шы жылдарындағы ауыр кезең – «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама», XX ғасырдың 20-шы жж. соңы мен 30-шы жж. басындағы аштық жылдар «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген сөздермен қалғаны белгілі
3 Ал XVI ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ халқы үшін қайғылы жылдар болған, осы жылдары қазақтың хандары мен сұлтандары сыртқы жауларымен соғыстарда көп қаза табады Мамаш ханның өлтірілуімен басталған «уақытша әлсіреу» кезеңінде тақ үшін болған күрестер мен жауларға қарсы жүргізілген соғыстарда билеуші әулет өкілдерінен 80 астам хандар, сұлтандар әр түрлі жағдайларда қаза табады.
Бұл сан жазба дрек мәліметтері арқылы белгілі болғаны, ал белгісіз болғандары қаншама. Ал қаза болған немесе тұтқынға түскен қарапайым халықтың санын ешкім де айта алмас, тек болжаммен қаза тапқан билеуші әулет өкілдерінен бірнеше жүз есе көп болған деуге болады. Міне, осындай ауыр да қиын жылдары Жетісу жеріне моғол хандарының саяси билігі, Сыр бойындағы қалалар мен өңірлерге шибанилық әулеттің билігі, Қазақстанның батыс бөлігінде ноғай мырзаларының үстемдігі қалыптасады. Осылайша, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік биліктің жойылып, тақ үшін күрестердің өршіп, сыртқы жаулармен болған соғыстарда үнемі жеңіліске ұшырап отырған тұста қазақ халқының жағдайы өте қиын болатын.