14 - тапсырма Жұптық жұмыс. Ыбырай Алтынсариннің арманы
қазір орындалды ма? Қазіргі қазақстандықтар ақын
айтып отырған технология жетістігіне жетті ме? Сөзің
дәлелді болу үшін ақпарат құралдарынан әлемге
танымал, нанотехнология саласында жетістікке
жеткен отандастарымыз туралы ақпарат табыңдар.
Сол ақпаратты сынып алдында айтыңдар.
Берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Әдеп сақтау халықтың қандай дәстүрі?
Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. Әдеп сақтау – көнеден келе жатқан ұлттық сана мен мәдени құндылық болып табылады.
2. Ол адамды неге тәрбиелейді?
Ол адамның мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетіп, игі болуға тәрбиелейді.
3. Үлкеннің жолын кесіп өткен кішігі қандай ақыл айтар едің?
«Үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі. Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақтармыз! Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу-жастарымыз үшін бұлжымас заң болу керек» деп айтар едім.
4. Адамгершілік қандай қасиет?
Адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет, бұл дегеніміз рухани тәрбиенің бастауы, әдептілік ұғымымен қатар жүретін а ң ең жоғарғы мақсатына бағытталған гуманистік құндылық болып табылады. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді
5. Әдептілік нені білдіреді?
Әдептілік — адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында әдептілікке ерекше мән беріледі.