Жеті саны.
Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.
Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.
7 жетекші.
1. Адамның басшысы ақыл.
2. Жетекшiсi талап.
3. Жолаушысы ой.
4. Жолдасы кәсiп.
5. Қорғаны сабыр.
6. Қорғаушысы мiнез.
7. Сынаушысы халық.
Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.
7-күн
1. Бүгін.
2. Ертең.
3. Бүрсігүні.
4. Арғы күні.
5. Ауыр күн.
6. Азына күн.
7. Соңғы күн.
7 ғалам.
1. Күншығыс
2. Күнбатыс.
3. Түстік.
4. Терістік.
5. Аспан жоғарғы ғалам.
6. Жер ортаңғы ғалам
7. Жер асты төменгі ғалам.
7 амал.
1. Күннiң тоқыраүы.
2. Қарашаның қайтуы.
3. Үркердiң батуы.
4. Мұздың қатуы.
5. Киiктiң матауы.
6. Қыс тоқсан.
7. Ай тоғамы.
Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.
1. Дубхе (Ерік)
2. Мерак Жігер)
3. Фекда (Қайрат)
4. Мегрец (Қуат)
5. Алиот (Ырық)
6. Мицар (Құдірет)
7. Алькаид (Дес)
Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 146 (28085) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы бұйрыққа 114-174-қосымшаларға сәйкес мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Дүниетану» пәнінен типтік оқу бағдарламасы» деген 7-қосымшада:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) еңбексүйгіштікке, өзінің және өзгенің еңбегіне құрметпен қарауға баулу;
14) қоғамдық игілік және олардың құндылығы туралы түсінік беру.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адам еңбегі, еңбек ету арқылы нәтижеге қол жеткізудің маңыздылығы;»;
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) адам еңбегі және оның адам өміріндегі маңызы. Еңбек өмірді жақсартудың негізгі құралы ретінде. Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі.»;
15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тау жыныстары және оны қорғау. Тау жыныстары туралы түсінік Тығыз және бос тау жыныстары. Пайдалы қазбалар және олардың түрлері Гранит. Құм. Саз және әктас. Ac тұзы. Мұнай және табиғи газ. Адам өмірі үшін пайдалы қазбалардың маңызы. Бар байлықты бүкіл қоғамның игілігі үшін пайдалану;»;
18-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы. Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары. Бар байлықты бүкіл қоғамның игілігі үшін пайдалану. Көрнекі құралдар. Қазақстанның физикалық картасы;»;
20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) адам қолымен жасалған заттар, өз еңбегінің құндылығы туралы;»;
22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы, еңбек арқылы өмірді жақсарту туралы;»;
24-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) пайдалы қазбалар, олардың адам өміріндегі маңызы, оларды қоғамның игілігі үшін пайдалану туралы;»;
26-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы, даму жағдайлары. оларды қоғамның игілігі үшін пайдалану туралы;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін «Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы» деген 12-қосымшасында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сынып - аптасына 3 сағат (барлығы 99 сағат);
2) 2-сынып - аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
3) 3-сынып - аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат);
4) 4-сынып - аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат).»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Курс мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) тақырыптық жоспар:
кесте 1
Бағдарлама түрлері
Бағдарлама бөлімдері
Оқу тоқсандары
1
2
3
4

Базалық
1. Жеңіл атлетика
6
-
-
6
12
2. Қозғалмалы ойындар
8
7
7
8
30
3. Гимнастика
7
8
6
-
21
4. Шаңғы (қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)
-
-
10
-
10
5. Жүзу (жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады)
-
-
-
6
6
Базалық компонент бойынша сағаттар саны:
21
15
23
20
79
Вариативті
1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты
6
6
4
4
20
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:
6
6
4
4
20