Берілген сөздердің синонимдерін жазу.
Баласы – ұлы, перзенті, сәбиі;
Қашқан аңды құтқармайтын – зытқан/безген жануарды босатпайтын;
Саятшы – саяткер;
Тазысы – иті;
Желмен жарысқан – жылдам, тез;
Аты – есімі немесе тұлпары (мағынасына қарай);
Қайтыс болды – дүниеден озды/өтті, қайтты, түйе айдап кетті, о дүниелік болды, бақилық болды;
Жерленгеннен кейін – көмгеннен кейін;
Жұрт – халық, халайық, ел;
Баласынан қалған сөз – перзентінен/ұлынан қалған сөз;
Ұшты-күйлі жоқ болып шығады – із – түзсіз жоқ болып шығады;
Аңырайды – азынайды, жылайды, өкіреді;
Күңіренеді – езіледі, егіледі, қайғырады;
Оқиға – уақиға;
Тебіреніп – толғанып;
Сай - сүйекті сырқырыта – қайғыға салып, уайымдата, тербелте, қайғыландыра;
Аспанға – көкке, әуеге.
Абай - қазақтың дара туған ақыны. Ол ерекше ақын. Ол ел үшін, халық үшін биліктен бас тартты. Әкесі қатал болғанымен, ол ерекше болды. Оның ерекше ақындық қасиетке баулыған әжесі мен анасы болды.
Оның әрбір өлеңдерінде астарлы ой жатыр. Ол өлеңдерінің бірін тұспалдап, астарлы оймен жазса, ал енді бірін анық, ашық жеткізе біледі.
Оның 45 ғақлиясы, яғни 45 қара сөзібар. Оның әрбір қара сөзі білім, өнер. тәрбие туралы айтады. Оны оқыған адам ерекше сезімге ие болады.
Міне, осындай ерекше дара туған ақынын қазақтар мақтан тұтады!