ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ 1. Мәтіндерді оқыңыз. Көсемше тұлғасындағы сөздерді табыңыздар.
1-мәтін
Нан
(әңгімеден үзінді)
...Олар сай қуалап,-орылмаған бидайдың ішіне енді. Бұқпантайлап жүріп, өнімді де тиімді шаруаға кірісті. Әбден жетіліп, қауызынан дәні төгілген есіл бидай болымсыз желге судыр-судыр етеді. — Ой, апа! — деді Қонысбай, белеңге шыға келген салт аттыны көріп. Ойпаңдау жерге екеуі де зым-зия бұға қалды. Аттың дүбірі біртін-біртін бұларға жақындай берді, жақындай берді...
— Иә, балалар, жасырынбақ ойнап жүрсіңдер ме?.. Тұр орындарыңнан! Екі дос ырсылдап,пысылдап, күрсініп, аспай-саспай түрегелді. Жақсылық ағай екен! Протезін сықырлата, ердің үстінде қисайып отыр. Сәл көңілсіздеу болғанымен, жүзі онша сұсты емес, сабырлы, инабатты. Бұл кісі биыл көктемде бір аяғын беріп, кемтар боп майданнан оралған. Ат үстіндс мықшиып отырған Жақсылық әрқилы ойда. Тесік тамақ үшін күнге күйіп, сары адырда сандалы үрген мына шермік қарын жетімектерге қайтіп кемістік білдірмек? Қайтіп қолы бармақ? Тәртіп бойынша бұларға өз сыбағаларын жақсылап тұрыпберу керек еді. Бірақ... Қорықшы ағай ауыр күрсінді. — Шырақтарым,— деді ол байыппен, атының жалын сипап жатып,— бұл үкіметтің астығы. Майдандағы көкелеріңе нан керек. Ашық аспан астында олар Гитлер фашизмімен соғысып жатыр. Кім үшін? Сендер үшін. Сендердің болашақ бақыттарың үшін!.. Біз ауылдамыз. Быламық ішсе, талқан жесе өлмейді... Масақ тергілерің келсе, комбайн жүріп өткен аңызаққа барыңдар, бәріңе де жетеді... Екінші рет бүйтіп бейбастық жасамағайсыңдар!.. Ол қойнынан бір нан алып балаларға берді. Сөйтті де атын шоқырақтатып жөнеп қалды. Оның оң аяғындағы ағаш протезі салақтап бара жатты.
Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім - жақындарына, туған -
туысқандарына деген сүйіспеншіліктен
басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Көшпелі және рулық -тайпалық негізде құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы туыстық байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың ғұрыптық заң- салттарымен бекітілген.
Отбасында негізгі туыстық қатынас – ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 90-ға жетеді.
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан балаға жалғастырылады.
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала.
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі.
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. ПРОСТИ Я КОПИРОВАЛА)))