2-тапсырма. Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеріңіз, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізген сөйлемдеріңізді жазып шығыңыз. Ғаламторды дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Дүние жүзіндегі адамдардың 90 пайызға таман ғаламторды пайдаланады екен. Яғни күннен-күнге интернет жүйесінің маңызы артып келеді. Ақпараттық технология заманында аталған ғылым жетістігі өміріміздің бір бөлшегіне айналғандай.
Ғаламтордың пайдасы қандай? Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес. Ғаламтордан электронды кітаптарды (e-book reader) оқудың да мүмкіндігі жетеді. Іздеген кітабыңызды интернет арқылы тауып алып, смартфон (түрлі гаджеттер) арқылы оқи аласыз. Электронды кітап қағаз кітапқа қарағанда анағұрлым жеңіл, көлемі де аз. Смартфонға жүзден астам кітапты жүктеуге болады. Сөйтіп, қалаған кітабыңыз смартфоннан әп-сәтте табылады. Ал смартфондағы жазбаларды қалаған уақытыңызда оқи беруге болады. Сонымен қатар, ғаламторды тиімді пайдаланып, ақша табуға да мүмкіндік бар. Мәселен, қазір инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын блогерлер көбейді. Ол үшін сіздің жеке парақшаңызда 10 мыңнан астам және одан да көп жазылушы болуы тиіс. Инстаграм игілігін білетіндер өзінің өнімін онлайн сауда жасап сата алады. Сондай-ақ, әлемторда түрлі онлайн курстарға жазылуға мүмкіндік бар. Мәселен, тіл үйренуге, ас мәзірін жасауға, іскерлік қабілетті шыңдауға арналған курстар. Біз тізген қызмет түрлері ғаламтордың аз ғана мүмкіндігі. Әлемдік желінің пайдалы тұстары өте көп.
Үлгі:
1. Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда пайдалы дүниелер аз емес- Орнымен пайдалана білсең, ғаламторда қажет, керек дүниелер аз емес.
2.
3.
4.
5.
керек болып тұр
Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқкиім тігетін құрал, тарамыс – аяқкиім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.
Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.