М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Mari2909
Mari2909
30.06.2020 09:23 •  Қазақ тiлi

Реттік Сан есім бар мақал мәтел Дайте

👇
Ответ:
noeva2005
noeva2005
30.06.2020

Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Семіздің аяғы – сегіз.

Алпыстағы атаңды жыққанша,

Алтыдағы атанды жық.

Он екі айда он үш той.

Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

Алты бала таппай ана аталмайды,

Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Жеті атасын білген ұл

жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл

Құлағы мен жағын жер.

Жігітке жеті өнер де аз.

Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

Қарғыс жеті атаға жетеді.

Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

Кедейдің жеті қаңтары бар.

Жетім бала жеті күлшеге тоймас

Жетімге жеті бидай да тамақ,

Жетімнің қарны жетеу

Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде ада .

Айла алтау, ақыл жетеу.

Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.

Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.

Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.

Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,

Тойған үйге тоғыз бар,

Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,

Тоғыз қатынның толғағы бір келді,

Тоғыз ат бір қазыққа байланбас

Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.

Бір ит көріп үреді,

Екі ит еріп үреді.

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

Елуінде – ер дана,

Елуінде – ел жаңа.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.

Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз руға тарайды.

Мыңның жүзін білгенше,

Бірдің атын біл.

Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.

Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Аларманға алтау аз,

Берерменге бесеу көп.

Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.

Мың қайғы бір борышты өтемейді.

Жақсы кісі қырқында толады,

жаман кісі қырқында солады

Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.

Жүз дімкеске бір лепес.

Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.

Бірінші әйелді құдай қосады,

екіншісін адам қосады,

үшіншісін сайтан қосады.

Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.

Біреу жаныңа жолдас,

біреу малыңа жолдас

Біреу тойып секіреді,

біреу тоңып секіреді

Ағайын – алтау, ана – біреу.

Аласыға алтау аз,

бересіге бесеу көп.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Алтаумын деме, жетеуге жолығасың,

жетеумін деме, сегізге жолығасың.

Шындық – сегіз, бақыт егіз,

Ер- егіз, еңбек- жалғыз,

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады,

Еңбек пен бақыт – егіз

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады

Қорқаққа қос көрінер,

Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,

Бір жебемен қос нысана оққа ұшты

4,4(81 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Cricetinae
Cricetinae
30.06.2020

Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті

1. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері:

1941 жылы Қазақстан шаруашылық өндірісі бар индустриялы республикаға айналды, және 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінін үлесіне тиді.

Сондай-ақ, Қазақстан КСРО-ның көмір ошағы бойынша 3 орыңға тұрды.

2.Қазақстандағы индустрияландырудың кемшіліктері:

Бірақ осы жетістіктерге қарамастан, бұның да кемшіліктері болды.

Олар туралы айтсақ: технологиялық өндіріс көлеміндегі тек 3% - ға көбейді және халық денсаулығы өте ауыр ,бұл аса қауіпті болған.

4,8(42 оценок)
Ответ:
NikaMalinka2
NikaMalinka2
30.06.2020

Қазақтар - 9 540 806

2. Орыстар - 3 869 661

3. Өзбектер - 463 381

4. Украйындар - 422 680

5. Ұйғырлар - 241 946

6. Татарлар - 226 803

7. Немістер - 220 975

8. Кәрістер - 103 931

9. Әзірбайжандар - 93 972

10. Белорустар - 87 090

11. Түріктер - 89 083

12. Дұнгандар - 49 605

13. Поляктар - 39 869

14. Күрдтер - 39 660

15. Шешендер- 36 555

16. Тәжіктер - 34 296

17. Қырғыздар - 20 931

18. Башқұрттар - 20 323

19. Ингуштер - 17 849

20. Молдавандар - 17 380

21. Армяндар - 15 127

22. Гректер - 11 310

23. Мордвалар - 10 864

24. Чуваштар - 9139

25. Удмурттар- 7540

26. Болгарлар - 6222

27. Литвандар - 6183

28. Грузиндер - 5774

29. Қарақалпақтар - 5593

30. Марийлар - 5584

31. Сығандар - 5207

32. Лезгиндер - 4643

33. Еврейлер - 4068

34. Қытайлар - 3961

35. Парсылар - 3517

36. Түркімендер - 2129

37. Балқарлар - 2107

38. Үндістан және Пәкістан халықтары - 1930

39. Осетиндер - 1871

40. Латыштар - 1421

41. Аварлар - 1417

42. Эстондар- 1375

43. Қарашайлар - 1364

44. Қырым татарлары - 1044

45. Арабтар - 953

46. Дарғындар - 944

47. Ауғандықтар- 821

48. Коми-пермяктар - 761

49. Чехтар - 754

50. Моңғолдар - 752

51. Қалмақтар - 738

52. Құмықтар - 734

53. Твалар - 635

54. Гагауздар- 620

55. Адыгайлар - 604

56. Румындар - 597

57. Лактар 574

58. Буряттар - 537

59. Ағылшындар - 515

60. Венгрлар - 485

61. Алтайлықтар - 476

62. Финндер - 454

63. Ноғайлар - 438

64. Американдықтар - 436

65. Сахалар(якуттер) - 415

66. Италияндықтар - 404

67. Чувандар - 388

68. Карелдер - 365

69. Хакастар - 362

70. Табасарандар - 345

71. Удиндер - 342

72. Асираилдіктер - 338

73. Комилер - 288

74. Абхаздар - 214

75. Шорлар - 210

76. Черкестер - 176

77. Ненецтер - 176

78. Абазиндер - 149

79. Агулдар - 137

80. Кабардиндер - 98

81. Халха-моңғолдар - 96

82. Кубалықтар - 95

83. Рутулъдер - 93

84. Долгандар - 83

85. Коряктар - 76

86. Въетнамдықтар - 67

87. Татар - 66

88. Хорваттар - 63

89. Сербтер - 61

90. Австриялықтар - 60

91. Словактар - 58

92. Испандар - 57

93. Албандықтар - 55

94. Француздар - 51

95. Евразиялық еврейлер - 50

96. Удегейлер - 49

97. Жапондар - 46

98. Голландықтар - 45

99. Вепстер - 43

100. Эванкілер - 38

101. Белуджилер - 37

102. Грузиндіктер - 35

103. Эвендер - 34

104. Таулық еврейлер - 33

105. Хантылар - 31

106. Қырымшақтар - 31

107. Тофалар - 30

108. Қарайымдар - 29

109. Мансылар - 24

110. Цехурлар - 23

111. Чукчалар - 22

112. Нанайлықтар - 22

113. Ижорлар - 17

114. Алеуттер - 14

115. Нивхилер - 10

116. Ителмендер - 10

117. Энецтер - 9

118. Кеттер - 9

119. Юкагилер - 8

120. Орогтар - 8

121. Даттықтар - 7

122. Селъкуптар - 4

123. Уличтер - 4

124. Нагидалықтар - 4

125. Саамдар - 3

126. Үльттар - 2

127. Наганасандар - 2

128. Эскимостар - 2

129. Басқалары -1357

Барлығы: 15 776 492

4,7(35 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ