М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
букет223
букет223
01.05.2023 18:31 •  Қазақ тiлi

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,— дейді.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,—дейді.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

- Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді. Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

- Мұндай белдікті ешкім, ешқашан тағынып көрген емес,—дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:

- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді. Сонда кенжесі:

- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар,— дейді.

Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды.

Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.

(http://www.balakai.kz/ertegler/ сайты) 171 сөз

1. Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының ...

A. киім киісін

B. қазына мөлшерін

C. өзін көрсетуін [1]

D. өмірге бейімділігін

2. Мәтіннің қай бөлігінде қымбат киім киген ұлы туралы айтылған?

A. басында

B. ортасында [1]

C. соңында

3. Мәтіндегі ақсақал неліктен мұрагерлігін кенжесіне тапсырады? Ойыңызды

3 сөйлеммен жазыңыз.


Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі бо

👇
Ответ:
ayydarhan
ayydarhan
01.05.2023

1.D

2.B

3. Озин жаз,билмеймн

4,4(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vanо12
vanо12
01.05.2023

Пайымдау әңгіме

Еңбекқор құмырсқа.

Әлем көптеген тіршілік иелеріне толы.Солардың ішінде құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.Сіріңке қорабында бір дәнді бірнеше күнге жеткізе алған құмырсқа туралы әңгімені бәрі біледі.Олардың тағы да біз білмейтін қызық қыры көп.

Бір құмырсқа өз жемтігін тапқан соң,басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе,құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып,азық табуды үйретеді.Олар бір-біріне жалғанып,басқалар өтуі үшін көпір жасай алады.Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады.Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Осы уақыттың ішінде өздеріне тән еңбекқор, белсенділігі және үнемшілдігімен өзге жәндіктерден ерекшеленеді.

4,5(56 оценок)
Ответ:
лалвллв
лалвллв
01.05.2023
С.Сейфуллин Ақмола облысы, Нілді болысында туған.(1894-1938) Ауыл молдасынан арабша хат таныған Сәкенді ата-анасы Нілдегі орысша оқуға береді. Бұнда екі жыл оқыған Сәкен 1908-1913 жылдары Ақмола Приходская школада қалалық училищеде білім алған. 1913-1916 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған кезінде  қазақ ауыз әдебиетіг тереңдетіп танып, Абай шығармаларымен , орыс, Еуропа әдебиетімен танысады. Бірнеше өлеңі , хабар, сын мақалалары "Айқап"журналында басылады. 1914жылы Қазақ қаласында "Өткен күндер"деген атпен өлеңдер жинағы жарық көреді.Ақпан революциясынан кейін Ақмола ұаласына келеді. Осыдан бастап С.С қоғамдық -әлеуметтік саяси тартысқа толы күрес жылдары басталады.1917жылы "Бақыт жолында"атты драмасын жазып, 1918жылы сахнада қойылады. 1925-1937 жылдары Жазушылар одағында басқа да басшыдық қызметтерде жоғары оқу орындарында қызмет етеді. 1938жылы стаиндік жазалауға ұшырайды
4,7(96 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ