Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
– деп жырлаған көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф – Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақ балаларын өнер-білімге шақырып, оларға мектеп ашып, сауаттандырған. Биыл, яғни 2016 жылы Ыбырай Алтынсаринге 175 жыл толады. Осыған орай «Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейінде «Өнер-білім бар жұрттар…» атты уақытша экспозиция ұйымдастырылып, Ыбырай Алтынсариннің еңбектері мен оның шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері келушілердің назарына ұсынылып отыр. Экспозицияға Ыбырай Алтынсариннің туындылары мен оның қызметін, шығармашылығын зерттеген ғалымдардың еңбектері қойылған. Олардың қатарында келесі шығармалар бар: «Алтынсарин Ы. Кел балалар оқылық. Бастауыш мектептің оқушыларына арналған. – Алматы, 1948.»; «Алтынсарин Ибрагим. Избранные произведения / Алтынсарин,Ибрагим; Сост.и подгот. к печати Б.С.Сулейменов. – Алма-Ата, 1957.»; «Алтынсарин Ибрагим. Собрание сочинений в трех томах. Т.2. – Алма-Ата, 1976.»; «Алтынсарин, Ыбырай. Асан мен Үсен / Алтынсарин Ыбырай; Е. Қарбеков. – Алматы, 1952.»; «Ыбырай Алтынсариннің қолжазбасы.; Дербисалин А. О литературном наследии Ибрая Алтынсарина / А. Дербисалин; Пер.с каз.Е.Лизуновой. – Алма-Ата, 1957.»; «Эфиров, А Ф. Ибрай Алтынсарин : Жизнь и педагогическая деятельность / А. Ф. Эфиров. – Алма-Ата, 1949.»; Ситдыков Амиржан. Педагогические идеи и просветительная деятельность И. Алтынсарина / Ситдыков, Амиржан ; Под ред.: Е. Бекмаханова. – Алма-Ата, 1949.»; «Алтынсарин Ибраһим Балқожаұлы. Шариат ал-ислам: Мұсылманшылықтың тұтқасы / Алтынсарин,Ибраһим Балқожаұлы. – Қазан, 1884.»; Алтынсарин И.Б. Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку. – Оренбург, 1879.». Сонымен қатар Алтынсариннің өз отбасымен түскен суретері, оның ашқан мектебінің суреттері экспозияға ерекше көрініс беріп тұр.
Объяснение: