Тапсырма. Мәтінді оқыңыз 2015 жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Ол нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әлеуметтік желі арқылы танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұны Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», – деген еді Президент. Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті жерлеріне қойылды. «Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», – деді«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин. Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде суреттерімен, пікірлерімен бөлісіп жатты. Тіпті, республикалық арналардың бірі фотобайқау жариялап, арнайы бейнематериал жасаған болатын. Ақпараттық қолдаудың арқасында, қазақстандық заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.
Задание 1
A. ерекше -
B. бастама -
C. үндеймін -
D. жалақы -
E. өсіреді -
F. көбейді -
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)