Кыз куу Ол республикамыздын халықтарынын арасында кейыннен тараған улттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бул жарыс өзінін тері жағынан біздін заманымыздан бурын қандай болса, қазірде сол куйінде қалды. Сол заманғы тартіп бойынша жарыс жігіт пен онын қалындығы арасында өткізілген (біздін заманымыздан бурын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.
- Кешіріңіз, сізден сұрауға бола ма?
- Әрине, сұраңыз. Байқауымша, театрға бүгін бірінші рет келіп тұрсыз-ау деймін.
- Иә, дұрыс айтасыз. Сол себепті аздап ыңғайсызданып тұрғаным.
- Еш қобалжымаңыз. Театрға бүгін келгеніңіз дұрыс болыпты. «Томирис» өте тамаша қойылым.
- Досым кеңес беріп еді. Менің білуімше, Томирис атақты сақ тайпасынан шыққан жауынгер қыз емес пе?
- Иә, иә. Халқының жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған, аты аңызға айналған атақты Тұмар патшайым.
- Қазақ халқында, қарап тұрсаңыз, жауынгер қыздар аз емес екен-ау. Намысты қолдан бермей, ерлерше күрескен Әлия, Мәншүк апаларымызды айтсаңызшы.
- Рас, «Ер есімі ел есінде», «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген мақал дұрыс айтылған. Елімізде әрқашан тыныштық болсын дегейсіз.
- Кешіріңіз, тағы бір сұрайын дегенім, қойылым кезінде әртістерді суретке түсіруге рұқсат па? Мен фотоаппаратымды ала келіп едім.
- Жоқ, қойылым кезінде болмайды. Фотоаппараттың жарығы жарқылдап, олардың ойынына кедергі келтіреді.
- Ескерткеніңіз жақсы болды. Мұны ескермеппін.
- Оқасы жоқ. Әртістермен суретке түскіңіз келсе, қойылымнан кейін де түсуге болады.
- Кир патшаның рөлінде атағы жер жарған Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз ойнайды екен. Сол кісінің қолтаңбасын алсам деймін.
- Мақсатыңызға жетіңіз. Жүріңіз. Үшінші қоңырау қойылымның басталатынын ескертеді.
- Жақсы. Кірейік. Көмегіңізге көп рақмет.
- Оқасы жоқ.