Қазіргі заманда компьютер адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл құрылғы – әрбір үйде бар. Бұрын компьютерлер жұмыс істеу үшін қажет болатын, ал қазір оларды өмірдің барлық салаларында қолданады. Компьютердің айқын артықшылықтарына қарамастан, оның адам денсаулығына теріс әсері туралы белгілі. Егер қолдану кезінде негізгі ережелерді сақтасаңыз, зияны аз болады. Компьютердің адам ағзасына зияны Компьютерлердің адам ағзасына кері әсері: құрылғыдан шығарылған сәуле денсаулыққа зиянды; шамадан тыс қолдану, адамның көру қабілетінің бұзылуына әкеліп соғады (катаракта басталуы мүмкін); ұйқысыздық және бас ауыруы пайда болады; егер адам компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса, онда жасөспірімдерде сколиоз, ал ересектерде остеохондроз ауруы болуы мүмкін; жасөспірімдерге ұзақ көп бойы ойын ойнау, өте қауіпті; иммунитет төмендейді. Балалар бақыланбайтын болса, интернеттен психикасын бұзатын көптеген ақпараттарға тап болады. Бұл әртүрлі эмоциялықдық ауытқуларды тудыруы әбден мүмкін. Ұқсас: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны Компьютердің пайдасы Компьютерлердің артықшылықтары: арнайы бағдарламалар арқылы жұмыс процесін барынша оңтайландыру (бұл еңбек өнімділігінің артуына әкеледі); бұл құрылғы құңды файлдардың сенімді сақталуын қамтамасыз етеді; пайдаланушыға қажетті ақпаратты жылдам табуға мүмкіндік беру; интернетте сақталатын үлкен ақпараттың арқасында, адамның білімін арттырады; алыс жердегі достарымен хат алмасу және бейне байланыс арқылы (кез келген уақытта) қарым-қатынас жасау мүмкіндігі
"Компьютермен жұмыс жасау зиян" тақырыбында диалог.
- Сәлем, Әсем!
- Сәлем, Болат! Қалайсың?
- Жақсымын, сен ше?
- Менде де бәрі жақсы, достым. Бүгін тағы компьютерлік ойындар ойнаймыз ба?
- Жоқ, одан да саябаққа барып ойнайық.
- Неге?
- Біз бүгін информатика сабағында компьютердің зияны туралы өттік. Компьютерде шамадан көп отырсаң, денсаулығыңа, ойлау жүйеңе зиян келтіреді. Білесің бе, Әсем, әр 20 мин сайын көзге жаттығулар жасау керек. Монитор мен адамның арақашықтығы да сақталуы керек екен. Біз тіпті дұрыс отырмайды екенбіз ғой.
- Мәссаған! Жарайды, онда түсте саябақта кездесейік.
- Жарайды, кездескенше!
Қаратпа сөздер: Әсем, Болат, достым.