М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ibrunetochka
ibrunetochka
07.11.2021 23:50 •  Қазақ тiлi

с бжб мне очень нужно бам все но у меня их мал


с бжб мне очень нужно бам все но у меня их мал

👇
Открыть все ответы
Ответ:
123890Cookie123890
123890Cookie123890
07.11.2021

ТЕАТР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР

2011 жылы шілде айында Лондон театрында кешкісін «Бесік жыры» деп аталатын өзгелерден ерекше қойылым болған. "Қойылым несімен ерекше" дейсіз ғой? Онда кресло орындықтарын бір адамдық, екі, тіпті үш адамдық кереует қылып жасап,  үстіне көрермендерді жатқызған екен. Олардың басты мақсаты -  көрерменді жайлы жайғастырып алып, тыныш ұйқыға батыру.

Константин Анисимов  - Ленин комсомолы атындағы Ленинград театры труппасының актеры, әрі  «Зенит» футбол клубының ішкі ойындарының дикторы. Кейде ойын мен қойылым бір-бірімен тұспа-тұс келіп қалған кездерде ол түрлі қулықтарды  қолданатын болды. Мысалы «Гамлет» спектаклінде Лаэрта ролін  сомдамақ болғанда, ол тек бірінші және үшінші акт кезінде ғана сахнаға шығады екен. Осы уақыт аралығында ол футбол алаңына барып, тіпті ойынды жүргізіп келіп  үлгерген.

Ежелгі римдік тұрғындар қанды оқиғаларға толы дүниені көргенді ұнатқан. Олар мұндай көріністерді тек гладиаторлар жекпе-жегінен ғана емес, кәдімгі тетарлық қойылымдардан да тамашалайтын болған. Егер актер сценарий желісі бойынша, сахнада өлуге тиіс болса, онда оған сол жерде өлтіруге үкім шығарылып, сахнада, көрермендердің көзінше өлтірген.

Бізге белгілі, бұрынғы кезде театрдағы барлық ролдерді тек ер адамдар ғана ойнаған, заң соны талап еткен. Шекспирдің заманында қойылым тоқтап қалса, «Королева Елизавета қырынып үлгере алмай жатыр» - дейді екен.

Иония жерінде бір ерекше театр болған. Ол несімен  ерекше? Ол театрда бір қолдың сарбаздарын бөлек бір арнайы қатарға отырғызатын көрінеді. Ал олардың алдындағы қатарда тақыр басты құлдар отырады. Қойылым кезіне шапалақ ретінде артта отырған сарбаздар құлдардың тақыр бастарынын ұрып, құрмет көрсетеді екен.

Атақты әртіс Татьяна Пельтцер өмірінің соңғы жылдарында жаттаған сөзін үнемі ұмытып қала берген көрінеді. Ол Ленкомның «Қызыл шалғындағы көк аттар» спектаклінде Клара Цеткинның ролін ойнап жатып айтуға тиіс сөздерін ұмытып қалады да : «О, Құдайым-ай, ештеңе есімде емес» - дейді. Сол кезде Ленинннің ролін сомдап жатқан Олег Янковский тосылмастан: «Клара, сіз мүмкін пролетариат қосылуы керек деп айтқыңыз келген болар» - дейді.  «Иә, соны айтқым келген» - дейді Пельтцер. Содан кейін, Татьянаның есіне енді қалғандары да түсе қоймас деген оймен Олег барлық диологты өзі айтып  шығады.

Римдік драматург Ливий Андроник үнемі өзі жазған тргедияларында өзі басты ролді иемденеді. Бір күні ол өз даусын жоғалтып алып,  кезекті қойылымында сырттан айтып тұратын бір адамды тағайындап қояды екен де, өзі аузын жыбырлатып қана тұрады. Бұл жағдай тарихта фонограмманы ең алғаш қолдану болып қалды.

4,5(16 оценок)
Ответ:
bozenka20042004
bozenka20042004
07.11.2021
      Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан  шексіз мейірбансың, ақылы  тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын  беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да  көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!

   Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі  қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі»  деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние  дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп  мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп,  Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық,  дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай  майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
4,8(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ