М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sanekakot
sanekakot
30.08.2021 22:43 •  Қазақ тiлi

Берілген сүйемдерді крап жазықты кептіреді.​


Берілген сүйемдерді крап жазықты кептіреді.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
рута2
рута2
30.08.2021

Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

4,4(72 оценок)
Ответ:
arturgilt21
arturgilt21
30.08.2021
Алуан түрлі із салғанның өзі еді, 
Өзінен де пайдалысы өзегі. 
(Қарындаш) 

Қабы сояу, 
Дiнi – бояу. 
(Қарындаш) 

Қысқа таяқ дiңi бар, 
Шиырлаған iзiнде 
Сайрап тұрар тiлi бар. 
(Қарындаш) 

Ойларынды аңсаған, 
Асыл сөздi ақ алаңға, 
Түсiруден шаршаған, 
Мен емеспiн әмәнда. 
(Қалам) 

Тiл жоқ өзiнде, 
Сөзi бар iзiнде. 
(Қаламсап) 

Денесi бар шыбықтан, 
Темiр тұмсық құдықтан, 
Сусын алып iшедi, 
Ойы iз боп түседi. 
(Қаламсап) 

Жұқа тақтай бөлшегi, 
Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш) 

Тау, қыр, жазық, өзен, көл – 
Қабырғада биік тұр. 
Нансаң, кел, өзің көр – 
Бір қағазға сыйып тұр. 
(Карта) 

Доп сынды келбетi, 
Онда бар түп-түгел, 
Әлемнiң әлпетi. 
(Глобус) 

Көкқұтанша ақ айдында, 
Бiр аяқпен тұрады. 
Тұмсығымен ол мұнда, 
Шыр айналып шығады. 
(Циркуль) 

Емес ол кітап та, дәптер де, 
Жүреді бірақ та портфельде. 
Көрсетіп ондағы бағаңды, 
Қуантып қоясың ағаңды. 
(Күнделік) 

Бiлiм менен тәлiм, 
Парақты ашқанда 
Беттерiнен мәлiм. 
(Күнделiк) 

Оқушыға күнде ерiп, 
Жүретiн не? 
(Күнделiк) 

Қабат-қабат қаттама, 
Қаттамадан аттама. 
Ақылын оның ала бер, 
Айтқан сөзін жатта да. 
(Кітап) 

Сөзі дана, үні жоқ, 
Сөйлемейді, тілі жоқ. 
Қолыңа алсаң – шешен, 
Ақылы асқан көсем. 
(Кітап) 

Тақтаны «досым» дейді, 
Өзін сол досы «жейді». 
(Бор) 

Төрт қырлы, өзi аппақ, 
Тақтадағы iзi аппақ. 
(Бор) 

Кең алаң – тақырдан, 
Шиырлап қайтады. 
Ақ қант қатырған. 
(Бор) 

Үстiне өттiм, 
Асыл сөз жазып. 
(Дәптер) . 

Ұшымен қазық 
Тор көздi жазық. 
Үстiне өттiм, 
Асыл сөз жазып. 
(Дәптер) 

Үстiнде есiгi, 
Өзi орындық, әрi үстел, 
Оқушылар бесiгi. 
(Парта) 

Iлулi тұр кең алаң, 
Керегiмдi мен одан. 
Жазып алам көшiрiп, 
Сүртем сосын өшiрiп. 
(Тақта)
4,6(39 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ