М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
game108551
game108551
29.09.2022 12:50 •  Қазақ тiлi

Написать о чём текст в одном предложении и составить план Ұлыстың ұлы күніндегі ұлттық дәстүрлер Наурыз мейрамындағы ең басты арі терең мағыналы дәстүрдің бірі наурызкөже дайындау . Бұл осы мей ұнарлы болады . рамда арнайы дайындалатын ерекше Зелер қысқы соғымнан қалған сурет дам . Оған дайындық ерте басталады . пен қазыны наурызкөжеге деп сақтайды Bйткені наурызкөжені сүр еттің , қазының сорпасына пісіргенде , өте дәмді әрі Ең бастысы , наурызкөже – ұлттық тағам . Қазақ халқы наурызкөжені жеті дәстүрі бойынша , наурызкөжеге сүр ет , турлі тағамнан дайындаған Халықтың бидай , тары , арпа жармасы , су , тұз , карт қосылады . Біріншіден , жеті - қазақ үшін киелі сан . Екіншіден , бұл молшылық болсын деген ниеттің белгісі . Наурызкөжені « Отбасымда береке болсын , дастарқаным мол болсын де rен ниетпен пісірген . Сондықтан наурызкөжені халық арасында « тілеу көже » деп те атаған . Бұрынғы кезде наурызкөжеге ауылдағы әр үй бір - бірін кезекпен шақырған . Үлкен адамдар дастарқанға бата берген . Наурызкөжені ішіп болған соң , үлкен ақсақал : Ақ мол болсын , Дастарқаныңнан береке кетпесін ! — деп тілегін айтқан . Наурызкөже пісірумен қатар әр үйде қазақтың отбасылың мерекелері бірге тойланған . өмірге жаңадан сәби келген үйлер әжелерді шақырып , баланы бесікке салған.Өткен наурызда дүниеге келген бүлдіршіндердің тұсаукесер дәстүрін өткізген « Алғаш рет алысқа жол жүрген балалардың жолы ашық болсын » деп « Тоқымқағар » дәстүрін тойлаған . Сауатын ашып , уға барған балалар үшін « Тілашар » тойын жасаған . Міне , балажан , өз ұрпағын ерекше суйетін , мейірімді халық бар жақсылығын осылайша көппен бірге тойлап , қуанышын бөліскен . Халықтың осындай ғажап дәстүрі әлі де жалғасып келеді . . Қою қаріппен берілген сөздердің мағынасын мұғалімнің көмегімен түсініп ал .​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
579w2g3
579w2g3
29.09.2022

Қазақ батырлары.

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті Оның атасы — Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан топ құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай өскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.  

Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды.  

Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы.  

Баяндамашының деректері бойынша, Қабанбай батыр Қытай жазбаларына 1757-1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түскен.  

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр” атанды.  

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.

Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай хан айналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырау осы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды: Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатау етегінде жоңғарлардың Шамалған, Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыда қалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.  

4,5(94 оценок)
Ответ:
marinamoshonkina
marinamoshonkina
29.09.2022
                               ПРОВЕРЬТЕ ТЕКСТ ВОЗМОЖНЫ ОШИБКИ
Қоңырау соғылғанда мен сыныппен бірге сынып қа кіремін . Әр кім өз орына отырады.Мұғалім сыныпқа кіреді ,біз сәлемдесіп орына отырамыз.Біз мұғалімді құрметтейміз сондықтан біз қазақ тілі мұғалімді мұқият тындап ,тып тыныш отырып,тапсырманы дұрыс орындаймыс.қазақ тілі сабағы менің ең сүйекті сабағым сондықтан сол сабақтан 5 баға алу тырысамын.Қазақ тілі сабағында біз жаңа тақырып өтеміз . сол тақырып бізге түсінікті болу үшін мұғалім бізге бір неше мысал келтіреді . сол тақырыпқа байланысты біз әр түрлі жаттығулар орындаймыз.Сабақ біткеннен сон біз қазақ тілі дәптерді тексеруге тапсырамыс. содан кейін біз кетеміс.менің ойымша қазақ тілі сабағы ең қызықты сабақ!
4,4(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ