Мәтінді зейін қойып оқып, 3 сұрақ әзірлеңіз. Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер- құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40- тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт
қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
помагитн
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным- сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.
Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық-мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан-жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл-әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.