Ертеде көліктер болыпты. Бірақ олар бір-біріне түйісіп, ұрсыса беріпті. Бір күні көліктердің ең үлкені:
- Неге сендер маған жол бермейсіңдер? Үлкенге жол беру керек емеспе?-дейді. сонда кішкентай көлік:
- Мен асығып бара жатырмын ғой. Неге жолды бөгей бересіздер?-дейді
Бір күні қалаға үш көзді біреу келеді де жолдың шетіне тұра беріп:
- менің үш көзім бар. қызыл - токта, сары-дайындал, жасыл-жол ашық дегенді білдіреді дейді де өз орнына тұрады.Көліктер бірден үйренісе алмады. Бірақ үйренеді. олар оны бағдаршам деп атап кетеді
Сонда көліктер:
Егер бағдаршам болмаса біздер түйісіп қалар едік дейді-дейді. содан бері олар тату өмір сүреді.
ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет.
Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі
Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІҮ ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады.