Қамыс (Phragmіtes) – астық тұқымдасына жататын к қ шөптесін өсімдік. Қамыстың жер шарында кең таралған (тек Арктика менАнтарктидада кездеспейді) 7 түрі, Қазақстанда грунт сулары жер бетіне жақын жатқан шалғынды, құмды, сортаң жерлерде өсетін 2 түрі бар. Ең жиі кездесетіні кәдімгі Қамыс немесе құрақ (Ph. communіs). Оның биіктігі 0,8 – 6 м. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Көп гүлді масақтары сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Негізінен, вегетативті жолмен көбейеді. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс – су өсімдігі, сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті,сірке қышқылы,қағаз алынады. Сонымен қатар Қамыс қалың тоғай болып өсіп кетсе, суармалы егістік дақылдарына зиян да келтіреді. Онымен күресу үшін жерді тереңдігі 30 см-дей қазып, тамыр сабақтарынан тазартып отыру қажет. Борық қамыс, қант қамысы (Saccharum) — астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Тропикалық және субтропикалық аймақтарда өсетін 12 түрі белгілі. Оның мәдени түрі Борық қамыс (S. offіcіnarum) Оңтүстік-шығыс Азиядан тараған. Биіктшгі 6 м-ге дейін, сабағының жуандығы 5 см-дей болады. Жапырағы ұзын, жалпақ, сабаққа кезектесіп орналасады. Борық қамыс қалемше арқылы көбейеді. Жылына 3 — 5 рет орылады. Оның сабағында 16 — 18% сахароза болады. Борық қамысты қант,спирт, т.б. өндіруге, малға жем ретінде пайдаланады.
Қазақстанда оның бір түрі — жабайы Борық қамыс (S. spontaneum) Сырдарияның тоғайлы алқаптарында, кейде тау етегінде, өзен жиегінде, егінжайда, арық жиектерінде кездеседі. Биіктігі 2 м-дей, сабағы қатты, бірақ өзегі борпылдақ, жапырағы жіңішке, ұзын болады. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Мамыр — шілде айларында гүлдейді. Сабағында 2 — 4% сахароза болады. Жабайы Борық қамысты балғын кезінде мал сүйсініп жейді, сүрлемге салуға болады. Сабағынан ши тоқиды, жапырағынан арқан еседі, ширатып қапшық жасайды. Оның өңдеуден кейінгі қалдығын құрылыс материалдарын дайындауға және отын ретінде пайдаланады.
Өлеңшөп, немесе айрауықтар — астық тұқымдастардың жабайы өсетін бір туысы, к қ шөп өсімдігі, биіктігі 0,5—1 метрге дейін болады. Барлық түрлері — 150. Мұның бұрынғы КСРО-да есетіні 50 шамалы. Негізгі түрлері: батөлең, ақ өлең, қандауыр өлең, сазөлең, Лангсдорф өлеңі т. б. Өлеңшөп малға онша жұғымды болмайды, өйткені оның құрамында небәрі 5 проценттей ғана ақуыз бар. Өлеңшөп (Scіrpus) –қияқөлеңдер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тропиктік және субтропиктік аймақтарда 250-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанда Сырдария, Тобыл –Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Балқаш– Алакөл ойысында, Іле, Шу алабындағы өте ылғалды жерлерде, батпақты шалғында, кейде суда өсетін 14 түрі бар. Ең жиі кездесетіні – қара Өлеңшөп (Scіrpus lacustrіs). Оның биіктігі 2,5 м-дей, төселмелі тамыр сабақты, сабағының жуандығы 2 – 3 см, беті тегіс, жұмыр болады. Жапырағы таспа пішінді. Гүлдері қосжынысты, протогиния(гүл аталықтарының аналығынан ертерек пісіп жетілуі) жиі байқалады. Гүлшоғыры– сыпыртқы. Негізінен тамыр сабақтары арқылы, кейде тұқымынан да көбейеді. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – үш қырлы жаңғақша. Қара Өлеңшөп кейде көл бетін жауып кетіп, шымтезекке (торф) айналады. Сабағын түрлі тоқыма бұйымдар жасауға, жылу ұстағыш құрылыс материалдарын және сүрлем дайындауға пайдаланады. Химиялық әдіспен қарамай, спирт, сірке қышқылы дайындалады. Кейбір тропиктік түрін, мысалы, Титикака көлінде (Орта Анд тауы) өсетін Калифорния Өлеңшөпінен үндістер өздері тұратын баспана және жүзіп жүретін “қамыс аралдарын” (оған картоп егеді) тоқиды. Жергілікті халық дәрілік өсімдік ретінде қолданады. Сонымен қатар Өлеңшөп қалың өссе, суармалы егіс дақылдарына зиян келтіреді.
Объяснение:
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.
Объяснение: