Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама.
/Кітап/
Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?
/Оқу/
Астында төсегі бар салған тағы,
Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,
Теңізден салған жолы сайрап жатыр,
Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.
/Қалам/..
Бір ыдыс әркімдерге болған аян,
Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян.
Әркімнің қолында жүр оның суы,
Ол судан ақыл табар барлық адам.
/Сия
Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
/Глобус/./
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш алынады. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар бар. Өз Отанын сүю әрбір азаматтың бірінші міндеті.