Пайдалы және зиянды тағамдар.
Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық! Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ ассаңыз, болғаны:
1. Тағамға көбіне көкөністерді пайдаланған абзал.
2. Иммунитетті көтеру үшін кебектен, витаминді – минералды кешенмен байытылған ұннан жасалған нан, қырыққабат, сәбіз, аскөк және қызылшаны көбірек пайдаланған жақсы.
3. Сонымен қатар ұйқыға үш – төрт сағат қалғанға дейін тамақтанып алған дұрыс.
4. Дұрыс тамақтану туралы дәрігерлер мен кәсіби диетологтардың кеңесін тыңдаған жөн.
Қазақстан Жазушылар Одағы - Қазақстан Республикасының әдебиетші қауымын біріктіретін Республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым.Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады.
1925 жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай, сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу тапсырылды.
1926 жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып, ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды.
1932 жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды, ұйымдастыру бюросының төрағалығына I.Жансүгіров тағайындалды.
1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті.
Құрамында проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, корей әдебиеті, ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді.
Қазақстан Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты нығайтты; Азия, Африка жазушыларымен, мәдениет қайраткерлерімен де ынтымақтастықты күшейтті. Осының нәтижесінде 1973 жылы Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы Алматыда өтті [1].
1925 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының он шақты мүшесі болса, қазіргі уақытта 810 мүшесі бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері жұмыс істейді. Қазақстан жазушыларының ішінен Ғ.Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері (1974), М.Әуезов Лениндік сыйлығының (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949), Ж.Жабаев (1941), Ә.Нұрпейісов (1974), Ж.Молдағалиев (1978) КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. Ә.Әлімжанов (1970), А.Шамкенов (1992) Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.