Мұхтар Шахановтың бұл шығармасында, әке мен баланың қателіктері жайлы айтылған.Әке кейіннен өз қателігін түсініп, дала заңына бағынып, баласын садақпен өлтіреді. Бұл шығармада әкенің қателігі балаға кішкентай кезінен бастап дұрыс тәрбие бермеуі .Әке балаға Махамбетті жек көретінін айтып, дұрыс жасамады ,сол себепті, бала кішкентайынан әкесін дұрыс түсінбей ,есейгенде Махамбетті өлтіреді. Ал әке 《Махамбеттей батырға, Бүкіл халық ғашық болса айыппа》 деп өз қателігін баласына айтады. Мұнда айтқым келгені, адамның нақты ойын білмей тұрып, оны кінәлауға болмайды. Соны түсінген әкесі 《Ақын деген киелі аққу самғаған ,Ал ендеше ,аққуды атқан пендені, қай атаңнан көріп едің оңбаған》деп ,баласының Махамбетті өлтіргені үшін өзінің де өлуін талап етіп, оны бір тауға апарып ,әкесі садақпен атып жібереді.
(111 сөз)
Ұлтжандық сезім өз елін, әдет – ғұрпы мен салт – дәстүрлерін, тарихын құрметтеуден басталады. Балаларымыздың бойына ұлтжандық сезімді қалыптастыруда қазақтың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын кең түрде қолданудың мәні зор. Салт-халықтар кәсібіне, сеніміне, тірлігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрыпы. Салт уақыт өткен сайын оған жаңалық еніп өзгеріп отырады. Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан нормалар мен қоғамдық нормалардың және халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдиниетпен тығыз байланысты. Мәдиниеті дамыған ел дәстүрге де бай болып келеді.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қабылдағанын, көргенін, қиялын, ойын тіл арқылы жеткізеді. Сондықтан бала тілі өз ана тілінде даму үшін ұлттық сананы оята отырып, қазақ салт-дәстүрлерінің озығымен тәрбиеленуі керек. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақталып, іріктеліп алынған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірту, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, соған сай мінез құлқын қалыптастырады.
Қазақ халқы өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі,тақпақ, санамақ т.б. арқылы тәрбиелеп отырған.Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталған. Екіншіден баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға баулыған. Үшіншіден тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл, ата-ананы сыйлап, кішіге қамқор болуға, сонымен қатар елін жерін қорғайтын батыр болуға, өз халқы алдында қызмет етуге тәрбиелеген.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымыз, әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлеріміз, халық ауыз әдебиеті үлгілері ертегілер, аңыздар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаш пен санамақтарды күнделікті білім мен тәрбие жұмыстарында пайдаланып келемін, осылардың барлығы бала қызығушылығын арттырады, әрі балалар жылдам қабылдап, жаттап алатындығы байқалған соң, төмендегідей жоспар құрып ретімен пайдаланып келемін.