Әйелдер боксы Олимпиада ойындарында алғаш рет 1904 жылы демо-айқаста пайда болды. Алайда, 20 ғасырда көптеген елдерде бұл спорт түріне тыйым салынды. Әйелдер боксының ренессансы Швеция әуесқой боксшылар қауымдастығымен байланысты, ол 1988 жылы әйелдер арасындағы жарыстарға санкция берді. Осындай британдық қауымдастық 1997 жылы әйелдер арасындағы алғашқы бокс жарысына санкция берді. 2009 жылы 13 тамызда Халықаралық Олимпиада комитеті әйелдер боксын 2012 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы шешім қабылдады.
Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдарарасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.
Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Қазақ халқының қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды әр уақытта таң қалдырған. Дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі енші деп есептелінген. Қазақ сахарасындағы кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этик. қалып ретінде орныққан; қонақжайлық Қонақ; Қонақасы; Қонақ кәде.[1]