М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lebswetl
lebswetl
03.11.2022 13:30 •  Қазақ тiлi

2-тапырма. Төрт түлік мал туралы шағын эссе жазыңдар. (100-120 сөз)

👇
Ответ:
sjsjxhahhshc
sjsjxhahhshc
03.11.2022
Қазақтың ішсе – асы, кисе – киімі, мінсе – көлігі, тұтынса – бұйымы, берсе – сыйы, дауласа – құны болған төрт түлік мал көшпенділер тіршілігінің тінін құраған, өмір салты мен дүниелік танымында зор маңызы болған. Қазақтар әрқайсысының жаратылыс ерекшелігіне сай азығы мен жайылымы, күтімі мен бабы бөлек болатынын ертеден-ақ білген. Соған сәйкес жыл он екі ай мал қамын жасап, суыққа ұрындырмай, аптапқа қаталатпай, бабын таба білген. Төрт түлік малдың оттауы мен жусауына, жайылысы мен желдеуіне, шабысы мен шалысына қарап, олардың табиғи қасиеттерін ажыратқан. Ел аңызында жылқының – желден, түйенің – сордан, сиырдың – судан, қойдың – оттан, ешкінің – тастан жаралғаны айтылады. «Мұнымен қоса ел ішінде түйе күннен, ешкі атасы шығыпты шырмауықтан деп те айтылады. Ал ескілікті дүниетанымда қой баласы тіпті бұдан да көп текте сипатталады. Мысалы, қой – бейіштің малы, қой – көктен түскен көк қошқар, қой атасы жантақтан өсіпті, қой Меккеден шығыпты деген де сөз бар. Бұл аталғандардан ата-бабаларымыздың қой түлігінің шығу тегін тек отпен (яғни орта әлеммен) ғана емес, аталған тұтас төрт тектің (яғни тұтас үш әлемнің) бәрімен байланыстыратынын көреміз» (1,3). Осы түсінік бойынша әр малдың өзіндік қасиетін өмір тіршілігіндегі қажетіне жаратып отырған. Мәселен, суық тигенде қойдың құйрық майын денеге жаққан, сынған сүйекті салуда жылқы қазысының майы қолданылған. Ал түйе сүті шұбат бойға нәр беріп, тоғайтса, жылқы сүті қымыз көңілді көтеріп, бойға қуат қосқан. Қорғасын саналған қойдың етіне қарағанда, сиыр еті қорытуға жеңіл келетіндіктен, әлсіз науқастарға жұмсақ етіп, пісіріп ұсынған.
4,8(28 оценок)
Ответ:
додо7
додо7
03.11.2022

Объяснение:

түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар

4,4(51 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Nastyalimelps13
Nastyalimelps13
03.11.2022

!

Объяснение:

Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.

Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.

4,4(98 оценок)
Ответ:
fifi17
fifi17
03.11.2022

Желілік топология - бұл графикалық конфигурация, оның шыңдары желі (компьютерлер) мен байланыс жабдықтарының (маршрутизаторлардың) соңғы түйіндеріне, ал шеттері шыңдар арасындағы физикалық немесе ақпараттық байланыстарға сәйкес келеді.

Желілік топология болуы мүмкін

Физикалық - нақты орналасқан жерді және желі түйіндері арасындағы байланыстарды сипаттайды.

логикалық - физикалық топология шеңберінде сигналдың қозғалысын сипаттайды.

ақпараттық - желі арқылы берілетін ақпарат ағындарының бағытын сипаттайды.

валюталық бақылау - бұл желіні пайдалану құқығын беру қағидаты.

4,5(62 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ