М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DariaMolotova
DariaMolotova
15.08.2020 13:56 •  Қазақ тiлi

Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын,әлди әңді көп айтатын. Арада неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди айтқан үні әлі құлағымда ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
AiratAitov
AiratAitov
15.08.2020

ШАЙТАНКӨЛ

(І нұсқа)

Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген қызы болыпты. Байдың есігінде жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір- бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады. Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерде аң аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы бол­май шыңырауға құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тар­тып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен. Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

ШАЙТАНКӨЛ

(ІІ нұсқа)

Ерте уақытта екі жолаушы Қарқаралының ну орманын ара­лап жүріп, бір маралға кез болыпты. Сол маралы өздерінің та­зыларын қосады. Содан әлгі маралды тазылар қуа жөнеледі. Екі жолаушы олай да ойлайды, бұлай да ойлайды. «Бұл не сұмдық? Сағым ба, шайтан ба?» деп таңырқап тұрғанда, иттердің дауы­стары естіледі. Ол дауысты қуып, екі жолаушы жобалап келсе, әлгіндегі марал бір көлшікке түсіп тұрған екен. Жаңағы марал­ды алып, ауылға аттанғалы жатып, «Бұл не зат, сағым ба, шай­тан ба?» деп ойлайды. Содан бері бұл Қарқаралы маңындағы «Шайтанкөл» атауы осыдан қалған екен.

ШАЙТАНКӨЛ

(ІІІ нұсқа)

Бір күні кешке қарай тау басындағы көлге барса, дыбыс шығады, ағаш арасынан бақылап тұрса, адам бейнелі біреулер суға шомылып жүр екен. Егделеу еркек бейнелісінің барлығы: «Әплит, әплит» деп бәйек болып жүрген сияқты. Әлгілерге білгізбей, шегініп кетіп қалады. Ертесіне елсіз алаңда тағы келеді, сөйтсе әлгі ібілістер тағы шомылып жүр екен. Әйел бейнелі егделеу біреуіне: «Жәплит, жәплит» деп бәйек болып жүр екен. Сонда Жиренсақал әулие: «Бұл өсіп өнетін ібіліс екен ғой. Әплиті-әкесі, Жәплиті-шешесі ғой» деп шыдай алмай дұға оқып, айқайлап жіберіпті: «Малғұндар! Енді кездессеңдер, маймылға айналдырып жіберемін!» деп ақырған. Әулие одан кейін де көлге бірнеше рет барған және түнеген де екен, бірақ шайтандарды қайтып кездестірмеген. Содан кейін ол шағын көл «Шайтанкөл» атанып кеткен екен.

ШАЙТАНКӨЛ

(ІV нұсқа)

Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында Құдайға арнап мал сойып, Құран оқытады. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол әлгіндей топтың үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын деп жұтынады. Бірақ жуандар жыртық ша­панды кедейді табаққа жолатпайды. Бұған қорланған қу ішінен «тұра тұрыңдар, бәлем!» деп кете барады. Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын шүй желкелер мол табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан ұшып тұрып, көзі алақтап: -Ойбай, шайтан!-деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт орындарынан қопарыла тұрып, тым-тырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, «пісмілда» деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті. Ал бұл туралы орыстар басқаша айтады. Бірде аңшылар атып алған бұғыны кейін бір айналып кеп алмақ боп осы Шайтанкөл жағасына қалдырады. Қайта келгенде көлді таба алмай: «Шайтан алғыр-ай, қайда кетті?»-деп іздесе керек. Бертінде шіркеудегі поп көлді бұрынғысынша атайық деп тақтайға жаздырып қойса, жұрт оны аулаққа лақтырып тастап, «Шайтанкөл» деп атапты.

4,5(48 оценок)
Ответ:
lenka3398
lenka3398
15.08.2020
Болашақта қандай мамандықты жақсы көремін? Әрине, аспаз мамандығы. Мен сегізінші сыныптамын. Мен ас дайындауды жақсы көремін. Мен өзімнің макарон өнімдерін, флот стиліндегі макарон сияқты картопты, қуырылған картопты, терең қуырылған картопты және басқаларын дайындауға болады. Мектеп бітіргеннен кейін дені сау тамақтану мектебіне түскім келеді. Мен адамдарға тамақ дайындаған ұнайды. Кейбір кәсіпорындарда, кафеде немесе мейрамханада жұмыс істеген кезде қатты тырысамын. Мен жақсы ақша табу үшін аспаз болғым келеді.

Менің ойымша, кәсібі шығармашылық. Өйткені аспаз пісіргенде қиялды, шығармашылықты көрсетеді. Сонымен қатар, ыдыс әдемі түрде безендірілуі керек, үстелге жіберілуі керек. Мен өзімнің авторлық тағамдарды ойлап алғым келеді. Мен әртүрлі дәмдеуіштермен, дәмдеуіштермен жұмыс істегім келеді, ыдыс-аяқтың дәмін әртараптандыру үшін соусты қолданғым келеді.

Менің ойымша, аспаз мұқият, шыдамды, ұстамды және дайындалған ыдысқа жауапты болуы керек деп ойлаймын. Шынында да, аспаздың жұмысында сіз өзіңізге көмектесетін, ыдыс-аяқты дәм тататын мекеменің келушілерінен сынға ұшырауыңыз мүмкін.

Кәсіби шеф-аспаз қажет. Сіздің айналаңыздағы адамдар әрдайым толық және қанағаттандырылады. Бұл жұмыс мен үшін ауыртпалық болмайды, себебі тамақ дайындау менің сүйікті істерімнің бірі. Бір тағамды бірнеше сағат бойы пісіруге болады және өте жылдам жейді. Мен тамақ дайындаудың әртүрлі құпияларымен танысып, оларды бөлісуді қалаймын. Тамақты дайындау процесі маған жұмыс емес, демалу ғана емес. Менің көңіл-күйім әрдайым жақсарады, адамдар тамақ пісіргенді ұнатады, мені мадақтайды. Дегенмен бұл өте қарапайым тағамдар болса да, бірақ бәрібір өте жақсы. Мен бір күні менің арманым орындалады деп үміттенемін, мен жақсы және тамаша асүйге айналамын! Адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау, күлімсіреу және оң эмоцияларды бөлісу өте жағымды. Адамдарға рақмет айтады және: «Рахмет!»
4,8(84 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ