"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанда, оның елордасы Астанада достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай. күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болсын.
Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Объяснение:
Аргументативті эссе: Театр - көздің тамшысындай мөлдір дүние.
Театрды ойын - сауық орны дейміз, шынында үңіліп қарасақ бес әріптен тұратын "театр" сөзі адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтін бірден-бір орын. Ғабит Мүсіреповтың: "Театр - көздің тамшысындай мөлдір дүние", - деген сөзіне толықтай келісемін. Себебі, бұл талай адамның еңбегі сіңген мәдени ошақ, сабырлықты аса қажет ететін өнер орны.
Театр - өнерлердің ішіндегі ең әдемі, әр түрлі көңіл күйді қамтитын, өнегелі өнердің бір түрі. Театр өнері іш пысқанда барып тамашалайтын дүние емес, бұл арнайы барып, туындыдан рахат алатын дүние. Ол тұнып тұрған мәдениет, эстетика, өнер және рухани құндылық. Өкінішке орай, қазіргі заманда осындай өнер түрін бағалайтын адамдар кемде-кем.
Театр ұғымы ежелден қалыптасып келе жатыр. Бұрынғы кезде "бір елдің мәдениетін білгің келсе театрына бар" деген екен. Кейін заман дами келе театрлар ұмыт қалып, орнын заманауи техникалалар басты. Қазіргі уақытта театрға қызығушылық артып, көрермен көбейту мақтасында танымдық қойылымдар жүргізіледі.
Театрға баруға өз басым кеңес беремін!
Объяснение:
Барлығы жайылма сөйлем. Жалаң сөйлем жоқ.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Мысалы: Театрға барды, қойылым тамашаладым.