Наурыз туралы тақпақтар.
Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан наурыз.
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.
Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойы бастайық!
(Авторы Орнақбай Мирас)
Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.
(Авторы Джинайтова Дильноза)
Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз келді сан құрып
Жасарып жаңғырып
Құлпырды жер мен көк
Мейрім таң күліп.
Наурыз тойы — салтанат,
Наурыз тойы — мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден –
Құтты болсын, Наурыз!
Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл Наурыз!
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Асан ұйықысынан тұрып тісін жуды.Енді достарымен бірге ойнауға бара жатқан еді.Бірақ
-Ау балам,бері келші,деген дауыс шықты
Асан жүгіріп барды.
Әжесі:
-Асан дүкенге барып келші бір нан алып кел,қалғанын не алғың келеді соған құрт дейді.
-Жарайды әже,деп қуана қуана дүкенге барды.
Достарында өзімен ертіп алды.
Асан бір нан алды да,көзі балмұздаққа түсті.
Ол балмұздақты ашып жегелі жатқанда:
-Асан сен ашкөз болмасаң балмұздақтың дәмін татыршы,дейді бір досы
барлығы ол баламен келіседі.
Асанның амалы қалмай дәмін таттырады.
Балмұздақ бітім қалады.Асанның көңілі түсіп кетеді.
Олар үйге қайтады, әжесіне нанды береді
Әжесі:
-Ой рахмет,балам мә мен саған балмұздақ әкелдім, дейді.
Мінекей жақсылық жасасаң өзіңе қайтып келеді деген бар ғой.Келесі кездескенше.